Цифрлық құжаттарды ұялы байланыс операторларының кеңселерінде қолдануға болады
EGov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» қызметінің арқасында байланыс операторлар клиенттері қызметтерді алу үшін жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын ұсынбауларына болады.
Бүгігі таңда құжаттың түпнұсқасын ұсына алмайтындарға арналған қызмет Beeline ұялы байланыс операторының қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді. Бұл үшін клиенттің смартфонында электронды үкіметтің қосымшасы eGov mobile болуы керек.
Цифрлық құжаттарды қолдану үшін eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, ашу қажет. Содан кейін, қызметтер қойындысында «Цифрлық құжаттар» бөлімін таңдап, авторизациядан өту керек. Қосымшаға биометрия немесе бір реттік SMS құпия сөзі арқылы қосылуға болады. Авторизациядан кейін ашылған терезеде жеке куәлікті таңдап, «рұқсатты ашу» батырмасын басу керек.
Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бойынша бөлімінің басшысы