Цифрлық дәуірге қарышты қадам  

Еліміз жаһандану мен цирфлық дәуірге қарышты қадам басты. Ол барлық салада сезілуде. Тіпті көкенің көзі, өткеннің өзі болған, тарихтың қойнауынан сыр шерткен тарихы орындар мен жәдігерлерді кодтау да жолға қойылды. Бұл бізді әлемде дамыған отыз елдің қатарына жетелейтіні белгілі. 

Бүгінде Жамбыл облысы Шу ауданында мектептерді ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аудан бойынша 40 мектеп ішкі сымсыз Wi-Fi желісімен жарақтандырылған. Қамту көрсеткіші 85,1 пайыз.

2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жергілікті бюджеттен бөлінген 14 миллион  500 мың теңгеге 7 мектепте ішкі сымсыз Wi-Fi желісін жүргізу жоспарлануда.

Оқу кабинеттерін компьютерлік техникалармен жабдықтау жұмыстарына келсек,  47 мектепте барлығы 2470 компьютер қойылған. Оның ішінде мұғалімдер пайдаланатын компьютер саны 1085. Сондай-ақ, жалпы оқу кабинеті саны 1212. Оның ішінде 1085-і мұғалім компьютерімен жабдықталып отыр.

2019 жылы 233 интерактивті құрылғылар сатып алып, оқу кабинеттерін 100 пайыз мұғалім компьютерімен жабдықтау жоспарлануда.

Ауданда лингофондық-мультимедиалық кабинеттер саны – 34, интерактивті тақталар саны – 419.

Мектептерді робототехника кабинеттерімен жабдықтау да жолға қойылған.

2018 жылы жергілікті бюджеттен 15 миллион  144 мың теңгеге 4 мектеп (М.Әуезов, М.Мақатаев, С.Сейфуллин, А.С.Макаренко) робототехника кабинетімен жабдықталды. Аудандағы 15 мектепте робототехника үйірмелері жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта робототехника кабинетімен жабдықталу көрсеткіші 31,9 пайыз.

Тегін білім беретін ІТ сыныптар ашу тоқталсақ, Шу қаласындағы Жібек жолы мектеп лицейінің базасында 2018 жылдың 30 тамызы күні жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 5 миллион  695 мың 700 теңге қаражатқа ІТ сынып ашылды.

Қазіргі уақытта ІТ сыныпта 10 оқушыдан 6 топ оқытылуда. Барлық тәрбиеленуші саны 60. STEM бағдарламасы бойынша білім алған екі ұстаз сабақ беруде.

2019 жылы 4 мектептің (Жамбыл гим, Е.Бекмаханов мг,Төле би/а/ ом, Ә.Молдағұлова ом) базасында ІТ сыныптар ашу жоспарлануда.

Осылайша аудан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына ауқымды үлес қосуда. Бұрнағы кезі компьютер пернесін оқушыларға басу арман болса, қазір екінің-бірінің қолында планшет жүр. Сондай-ақ барлық мектептер сымсыз интернет желісіне қосылған. Бабалар аңсаған арманға жастарымыздың қол жеткізіп жатқаны қуантады. Әрі бұл өркениет көшінен бір елі қалмаған ұрпақ тәрбиелейтіні даусыз.

 

Төлен Дедек