Дана Абайым
Даланың перзентімін қыр баптаған,
Қараша қоңыр үйде құндақталған.
Толағай тау теңселер қарқынынан,
Өлеңім-көкте самғар cайып қыран.
Өлеңге келсе көңілім тасып толдым,
Ұлы Абай арқылы ғашық болдым.
Жұлдызы жоғары боп жыр төгеді ой,
Шыққан қыры, белесі бүкпеген бой.
Абай ақын озық шыққан қатардан,
Ақылыңды дос түгілі жат алған.
Кемеңгерім елдің сырын қозғаған,
Ордалы ойың бүгінде де тозбаған.
Салиқалы сөз бастасаң ақырын,
Жұмыр жерді толғандырған батыл үн.
Санамызда өмір сүріп келеді,
Ақиқатпен ақтарылған нақылың.
Жұртың үшін сен шыққан төбе құнды,
Даналығың көтерді беделіңді.
Жырға қуат, жаныма азық етіп,
Санама серік қылдым өлеңіңді.
Келем асық арманға ғашық болып,
Сақта, Тәңір, жүруден жасық болып.
Көркемдігі өлеңнің өзгеше нұр,
Оқи берсем, сырлы әлемге кездесемін.
Фариза Кикабай
Асанбай Асқаров атындағы ЖОББМГ-ның
10-сынып білім алушысы