Даналар кеңесі
1. Ең алдымен даналар өзіңнің алысқа кететін жоспарларыңды құпия ұста деп кеңес береді. Бұл жоспарларың орындалғанға дейін үндеме. Біздің кез-келген ой-жоспарларымыз жақсы ғана емес, оның неше түрлі әлсіз жерлері де бар. Теріс ниеттілер сол әлсіз жерден бір соғып, бәрінің быт-шытын шығаруы мүмкін.
2. Екіншіден өз мейірбандылығыңды құпия ұста дейді даналар. Мейірбандылық ісі – бүгінгі күнде өте сирек кездесетін қасиет, сондықтан оны көздің қарашығындай сақта. Жақсы істерің үшін өзіңді мақтай берме. Тәкаппарлық оны байқап қойса, осы жолмен келген бар жақсылықты алып қояды.
3. Үшіншіден, даналар өз тақуалығыңды жұртқа айтып жая берме дейді. Тағамнан, ұйқыдан, жыныстық қатынастан қалай тыйылғаныңды оңды-солды айта берме. Егер, материя тәніңнің нәпсі һәуәсінен тыйылуы рухани тыйылумен ұштасса нұр үстіне нұр болады.
4. Төртіншіден, өзіңнің ерлік, батырлықтарыңды айтушы болма. Кейбіреулер сырттай, кейбіреулер іштей кедергілерге жолығады. Сыртқы кедергілер көзге көрініп тұрады, оны жеңе алған адам сол үшін мақтау естиді, ал ішкі кедергілерді ешкім байқамайды, сондықтан ол еленбейді
5. Бесіншіден, өзіңнің рухани ілімің жайлы айтушы болма. Рухани ілім бірнеше деңгейден тұрады, ол тек белгілі бір деңгейге жетіп, сана тазарғанда барып білінеді. Хақиқат ілімді жаюшының негізгі қателігі – өте жоғары рухани ілімді бөліскісі келетінінде, сосын ол адам баласына жақсылық пен мейірім әкелудің орнына оны одан бетер шатастырып, тура жолдан адастырады.
6. Алтыншыдан, басқалармен бөлісуге тұрмайтын зат — ол отбасындағы жағдайлар, үйдегі болмайтын ұрыс-керістер. Есіңізде болсын: сен өз жанұяңдағы жағдайларды басқаларға айтпаған сайын отбасыңның керегесі берік болады. Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс – бар-жоғы араласқан кездегі теріс энергиядан құтылу ғана.
7. Жетіншіден, біреуден естіген жаман сөздерді айтудың қажеті жоқ. Көшеде аяқ киіміңді былғағандай, адам сана-сезімін де былғап алады. Сыртта бір жындыдан естіген жаман сөзін үйіне келіп айтқан адам, көшеде былғанған аяқ киімін шешпестен үйіне кірген секілді.
Оксана Манжостан аударылды
Жүрсін Кәрімнің Fb парақшасынан