Даналарсөзі
Менің түсінігімде адамзат өркениеті бір кұдіретке қарыздар болса, ол алдымен — кітап.
Бір кезде өзіміз жастанып оқыған Карл Маркс айтады екен: (Кітап менің құлым, не істесем де айтқаныма көнуі керек) деп. Мен үшін кітап — құл емес, ол — қолғанат, дос, өмір сүруім үшін ең басты қаруым. Кітапқа құмарлығым мектеп оқып жүргенде-ақ басталды. Мен оқыған мектепте шағындау мектеп кітапханасы болды. Оныншы сыныпты бітіргенде, сол кітапханада мен оқымаған кітап қалған жоқ десем болады. Әрине, ол кезде көбінесе көркем шығармалар оқитынмын. Оқушы кезімнен батсап кітап жинай бастадым Кітап жинаудың екінші кезеңі — студенттік шақпен тұспа-тұс келді. Студенттік кезде кітапты көп жинадым деп айта алмаймын, бірақ әр нәрсеге құлаш ұрдым. Философ та болғым келді, филолог та, этногроф та, заңгер де, экономист те, қысқасы бәрі де болғым келді. Сондықтан,бұл кезде кітап та әртүрлі саладан жиналды. Студенттік өмір аяқталып, нағыз өмірге аяқ басқан кезде әмбебап энциклопедист болудың заманының өткеніне көзім жетті. Оның үстіне, өмір адамды прагматик етеді екен, өзіңнің мүмкіндігіңді ғана есептеп, сол бойынша тірлік қылуға мәжбүрлейді екен. Нәтижесінде, менің кітапханам төрт-ес рет сұрыптаудан өтті. Ең ақырында, мен тоқтаған ізденіс аясы тарих-филологиялық сала ғана болып шықты. Қазір менің үйімді 10 000-нан астам кітап бар. Әрине кітап жинау көп қаржыны қажет етті. Бала-шағамыздың аузынан жырып алып, осы кітаптарды жинадық.
Кітапханамда 150-ге тарта кітап сөресі, екі-үш қабырғала қолдан жасалған қосымша сөрелер бар. Себебі кейбір кітаптардың көлемі стандартты сөреге сай бола бермейді.
Мен үшін кітап жинау әуезелік мақсат емес. Мен библиофил немесе коллекционер емеспін. Кітап жинау шығармашылық өмір-салтымның ең негізгі өзегі. Шығармашыл адам ретінде жоспарларымды жүзеге асыруда ең бір сенімді де адастырмайтын қаруым — кітап.
Ақселеу Сейдімбек