Данамен бір рет сөйлесу — он жыл кітап оқығаннан артық.
1. Нағыз жамандық – бір кезде жақсы болған адамнан шығады.
Сезар Павезе
2. Мені қаламайтын адамды жоғалту — мені алаңдатпайды, мен өзім қалағандарды жоғалттым, бірақ әлі тірімін.
Карл Май
3. Данамен бір рет сөйлесу — он жыл кітап оқығаннан артық.
Генри Уодсворт Лонгфелло
4. Сот жүйесінің бұзылуы — мемлекеттердің құлауына алып келеді.
Ибн Халдун
5. Уайымды жеңіп, өмірді бастамақ болсаң, қиындықтарыңды емес, Алланың саған берген нығметтерін сана.
Дейл Карнеги
6. Баршаға ұнауға тырыссаң – сәтсіздікке ұшырайсың.
Эрвин Роммель
7. Маған зиян тигізгендер – тек таныстарым ғана болды. Ал бейтаныстарға Алла разы болсын!
Әбу Алаа әл-Маарри
8. Бұл әлем күн сайын әділеттілікті аяққа таптап қорлайды.
Ғасан Канафани
9. Арыстанның азуын көрсең – жымиып тұр деп ойлама!
Әбу Тайыб әл-Мутанабби
10. Ашық болу – бәріне жау болу деген сөз.
Жүбран Халил Жүбран
11. Жеке тұлғаның дамуына ең алғашқы кедергі – отбасы.
Толстой
12. Сана деңгейінің өсуі – азапты арттырады. Көбіне депрессиямен ауыратындар – зиялылар.
Адел Садық
13. Егер сен мені сыйлап, құрметпен қарасаң – менің басымда тәж емес, сенің өзің боласың!
Ибрахим әл-Фиқи
14. Өмірдің қадірін білу үшін, өлімді шын қалап көруің керек.
Уинстон Черчилль
15. Сөздің жұмсақтығы – сенімділік тудырады, ойдың жұмсақтығы – кез келген қиындықты шешеді, ал жомарттық – махаббатты тудырады.
Лао-Цзы
16. Дінді желеу етіп жазықсызды қудалаудан ауыр күнә жоқ.
Махатма Ганди
17. Қайғы – жан мен қоғамға үңілудің бір мүмкіндігі.
Жан-Жак Руссо
18. Көбінесе айтуға қорқатын сөзің – айтылуы тиіс ең маңызды сөз.
Джордж Бернард Шоу
19. Интернеттен біраз уақытқа алыстап көріңіздер — ішінде ештеңе жоғалтпадыңыз, бірақ сыртындағы дүниеден көп нәрседен айырылдыңыз. Аналарымыз қартайды – байқамай қалдық!
Абдулла әл-Мұлағут
20. Өмір – үміт. Үмітін жоғалтқан – өмірін жоғалтқан.
Платон
21. Күлкісіз өткен күн – босқа өткен күн.
Чарли Чаплин
22. Саған тұзақ құратын – тек қозғалысыңды жақсы білетін адам. Қайда баратыныңды ешкімге айтпа – тыныш жетесің.
(Авторы белгісіз)
23. Егер бір баланың көзі мұңлы болса – мен бұл әлемді құрметтей алмаймын.
Че Гевара