Дания қазақтары дәстүрге бекем бе? (Видео)
«Шетелде әлі де 5 миллиондай қазақ бар. Қазақ санын қалай көбейтеміз дегеніміз шын болса, шетелдегі қазақтарға «Қазақ мемлекетіне қайтыңыз!», «Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін сақтап қалуға ат салысыңыз», «Сіздер ең алдымен қазақ мемлекетіне ауадай керексіздер!» деген ұран салуымыз қажет…»
©Айдос САРЫМ
Алашқа алғаш астана болған Қызылордадан Ауғанға одан тәжік жерін басып Иранда тұрақтаған қандастарымыздың қазіргі мекені – Дания елі.
Даниядағы қандастарымыздың балалары қазақшаны интернеттен оқып жүргенін айтады. Ана тілін ұмытып қалмасын деп апалары “аужарын” үйретеді. Салт-дәстүрін санасына құйған ақжаулықты аналар бауырсағын пісіріп, ұршығын иіріп, жүн түтіп ұрпақтарын өз әлдерінше тәрбиелеп отыр. Қазақтың елін жерін көрмесе де тілін ұмытпай, “Қазақстаным” деп отырған Бейза Кетенің ата мекенге деген құштарлығы жүрегіңді тебірентері, көңіліңді босатары сөзсіз.
Әлемнің әр шалғайында жүрген қазақ баласының басы Ата-мекенде қосылсын деген тілекпен Ата-жұртынан 5 мың шақырым алыстағы Дания елін қоныс тұтқан қандастарымыз туралы CASPIO NET-тің түсірілімін ұсынып отырмыз.
Дереккөз: «The Qazaq Times»
Суретте Дания астанасы Копенгаген қаласының кешкі көрінісі