ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ЖАҢА СПОРТ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

Түркістанда жыл сайын жаңа спорт нысандарының саны көбейіп келеді. Олардың құрылысы жіті қадағалауға алынған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде болды. Облыс басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, жауапты тұлғаларға кешеннің ішкі дизайны бойынша тапсырмалар жүктеді. Жаңа нысан жақын күндері ашылады.
Заманауи спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебінің ұжымы орналасады. Кешенде спорттық іс-шаралар мен бокс, күрес, таэквондо және ойын спорт түрлерінен оқу-жаттығу жиындары өткізілетін болады.
Спорт кешені 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, күту залы, қонақтарды күту бөлмесі, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар.
Ғимараттың жұмыстарына «Строй Сервис–7» ЖШС жауапты. Спорт кешенінің жалпы алаңы – 1,8 гектар. Сыйымдылығы 1000 адамды құрайтын нысанның аумағы – 7 248,0 шаршы метр. Жалпы құны – 3,1 млрд. теңге.
Облыс әкімі сондай-ақ жаңадан салынып жатқан заманауи ипподромның құрылыс алаңында болды. Құрылыс жұмыстары 2 кезеңнен тұрады. Бүгінгі таңда облыстық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған. 99 гектар жерге орналасатын жаңа атшабар (ипподром) көпфункциялы спорт нысанның құрылысының жалпы құны 13,5 млрд. теңге құрап отыр. Онда Ұлттық спортымызды дамытуға бағытталған өзге де спорт түрлеріне орын бөлінеді.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық спортты дамыту мәселесіне ерекше назар аударуда. Облыста тұрғындарымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында соңғы 3 жылда 100-ден астам спорт нысаны пайдалануға берілді. Олардың арасында «Түркістан-Арена» стадионы, «Мұз сарайы», «Теннис орталығы», «Olympic Center» спорт кешені жұртшылықтың оң бағасына ие болды. Сонымен қатар 7 теннис корты салынып, жалпы ұзындығы 51 шақырым веложол төселген. Октябрь Жарылқапов атындағы стадион жаңартылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі