Дариға Назарбаева Тoraighyrov university-ің студенттер алеясында шырша отырғызды

Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева  Республикалық «Жасыл ел» қозғалысының XV еңбек маусымының жабылу салтанатына қатысты. Бұл туралы жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.  

Өз сөзінде Қазақстан жастары Конгресі кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева «Жасыл ел» қозғалысы – дарынды әрі еңбекқор жастарды біріктіретін алаң екендігін атап өтті.

— Мен үнемі жастардың не істеп жатқанын бақылап отырамын. Елордамыздың айналысында жасыл белдеу болып өскен орман жастардың еңбек отрядтарының күшімен отырғызылды, – деді Дариға Назарбаева.

Университеттің концерт залында «JASYL EL AWARDS» байқауының жеңімпаздарын Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің төрағасы Мадияр Қожахмет, руководитель Республиканского штаба молодежных трудовых отрядов «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтарының республикалық штабының жетекшісі Азамат Данияр марапаттады.

Кездесудің соңында Дариға Назарбаева студенттер аллеясында шырша отырғызды. Сенат спикері отырғызған шырша 2001 жылы Сара Назарбаева еккен ағаштың жанынан орын тепті. Сондай-ақ, Дариға Назарбаева университетке Қазақстан Парламенті Сенатының макетін сыйға тартты.

 

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы