ДӘУЛЕТТІ АУДАНЫ ТӨРГЕ ШЫҒАРДЫ
Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы спорт саласында жеңіске жетіп, елдің абыройын асқақтатқан спортшыларға құрмет көрсетіп, сый-сияпат табыстады.
– Ауданның жігіттер ауылының атын облысқа, республикаға емес әлемге танытып отырғанын естіп қуанып отырмыз. Үлкен жетістіктің қуанышын өздеріңізбен әрқашшан бөлісуге әзірмін. Бүгін жүздеріңізді көріп, танысқаныма қуаныштымын. Біз сендермен мақтанамыз. Жеңісті күндерің көп болсын. Алдағы бәсекелеріңе сәттілік тілеймін, – деген Ерлан Қыдыралыұлы ауданның спорт саласына және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Дамир Хабибуллаевқа Құрмет Грамотасын, Татарстан Республикасының Қазан қаласында аударыспақтан өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еңбек ауылының шабандозы Даулет Әділұлына, Ливан мемлекетінде самбо күресінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, әлем чемпионатына жолдама алған бесағаштық балуандар Әділет Ахметқалиға мен Нұғман Бейбарысқа Алғыс хатын табыс етті.
Өз кезегінде аудан мақтаныштары елеп-ескерген аудан басшысына ризашылығын білдірді.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Райымбек Сейітов, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, аудан әкімінің орынбасарлары Олжас Баққараев пен Жомарт Телеуов қатысты.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі