Дәурен Абаев БАӘ-де екіжақты кездесулерді өткізді

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Дубайда The World Government Summit-тің өткізілуі шеңберінде Біріккен Араб Әмірліктері Экономика министрі Сұлтан ибн Саид аль-Мансури мырзамен кездесу өткізді.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-1

Кездесу барысында Дәурен Абаев цифрландыру саласындағы тәжірибемен, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасымен бөлісіп, Smart-city дамыту шеңберінде Астана хабын құру туралы айтып берді. Тараптар цифрлық трансформацияны ілгерілетуге және дамытуға бағытталған IT және жоғары технологиялар саласында өзара ынтымақтастық туралы келісті.

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%be-2

Бұдан басқа, Дәурен Абаев БАӘ Бақыт министрі Охуд Аль-Румимен кездесті. Тараптар халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету, ұсынылатын рәсімдерді жеңілдету процесін жаңғырту саласындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы менеджмент мәселелері бойынша екіжақты ынтымақтастық және ілгерілету мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі