ДАУРЕН АБАЕВ ТӨЛЕБИДЕГІ «СУРЕТШІЛЕР ҮЙІНДЕ» ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іссапармен келді.
Мәдениет саласына жауапты министр былтыр Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Өңірдің талантты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповпен пікірлесті.
Министр қазақ ұлттық гобелен өнерінің үздігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларымен танысты.
Дәурен Әскербекұлы іссапар барысында қылқалам шеберлерімен кездесіп, жас таланттарға шығармашылық шабыт тіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі