Даяшы қыздарда болашақ ана

Бұл сценарийді жазуға өмірде болған оқиға түрткі болды. Бірақ, кейбір тұстарына басқаша көзқараспен қарап өзгеріс енгізгенім рас. Жақында Әжептеуір елге танымал бір кісімен әңгімелесіп едік рушылдық тұрасында, сөзден сөз шығып, әлгінің айтқаны мен адамның руын тек саунаға барғанда сұраймын дейді, демек «Ала ат» болса пермеймін, «Сұлу ат» болса пере беремін дейді. Сол кісіні көрсем көзім қараяды, мен үшін жиіркенішті. Бірақ бір нәрсе анық болды мен үшін ол адам тарихтан, діннен, салт дәстүрден жұрдай екен.

Жақында ғұлама ғалым Халифа Алтай атамыздың «Естеліктерім» атты кітабын бітірдім. Оқып отырып, қатты көңілім босады. Содан бері еліме, қазақ жұртына деген махаббатым одан әрі артты. Ойланып қарасам қазақ халқының басынан өте ауыр ащы күндерді бастан өткерген екен, яғни әдейілеп бұл халықты жоймаққа жол салған .
1931 жылдары Қазақ даласына аласапыран заман орнады. Кеңес үкіметі мен Қытай үкіметі келісімді жобамен бейбіт елді қойдай қырып, халықты қан қақсатты. Ел ішінде басқыншылық, қысым, зорлық-зомбылық белең алған. Иә, қазақ жұрты не көрмеді десеңізші.
Кеңестік биліктің қысым құшағында қалған бір қауым ел шарасыздан ата-жұртын тастап Алтайдан көшіп Қытай – Тибет жолы арқылы Үндістанға өтіп, сол жерде 12 жыл тұрғаннан кейін Түркия еліне көшіп қоныс еткен екен бабаларымыз. Ғасырлар бойы мекен еткен жерінен көпшілік қайбір жетіскеннен кетті дейсің. Үдере көшкен ел Тибет пен Моңғолия шекарасына жеткенде тибеттік әскерлер ауа босып келушілерді күтіп алып, қазақтарға өктемдіктерін көрсетеді. «Уақытша осында тұрақтаңдар, сендерге ешкім тимейді» – деп жалған уәде берген. Қарулы әскердің сөзіне амал қанша көнді, жұрт сол жерде табан тірейді. Көп уақыт өтпей жер қожайындары өктем үкім айтып, хәлі мүшкіл жұрттың мал-мүлкін тонап, қолға түскен мерген батырларымызды ұрып, сабап-байлап аяусыз азап көрсеткен. Әбден басынған әскербасы қазақтарға «Бізге бүгін түнде 10 қыз және 10 келіншек бересіңдер»,- деп аттарын атап, түстерін түстеп хат жазады. Сонда қазақтың ақсақалдары намысты жігіттердің басын қосып жиын өткізген. Хатты оқығандар, «Қазақ қызы – біздің абыройымыз, байлығымыз, барымыз! Абыройымызды бергенше өлгеніміз артық»,- дейді. Сөйтіп ашуға булыққан бабаларымыз шайқаста «А Құдайлап» тибеттік әскерді қырып салады. Тек бір ғана әскерді аман алып қалған. (Себебі ол өзгелерге қарағанда мейірімді болатын).
Жауды жеңген көш алға қарай бет алғанда, оларды дүйім әскер қуып жетеді. Бабаларымыздың дені сол жерде демі таусылғанша жаумен арпалысып, ерлікпен қаза тапқан. Біреудің әйелі, біреудің ері, біреудің ағасы ал біреудің анасы мен әкесі тіпті бесіктегі балаға дейін жау қолына түседі..
Бұдан түйер ой – бабаларымыз бөтен жерде қиындық көрсе де өздерінің қыздарын қорғады. Қазақ қызы – елдің, ұлттың намысы екенін түсінді. «Намысыңды қорғағаның – халқыңды қорғағаның» деп білді. Қызды қорғау жолында қажет болса жанын пида етті.

Ал қазір егеменді ел болып тұрсақта қыздарымызға бас-көз бола алмай жатырмыз. Қаракөз қарындастарымызға өзге ұлттың көзі тұманданған жігіттері пайда мақсатында қол салып жүр. Қазақ жігіті қазақ қызын қорлап жатыр, зорлап жатыр. Кейбір аруларымыз сауналар мен көше бойларында жүр. Неге? Түйгенім қазақ баласы намысты, иманды болса, тарихын таныса қаракөз қарындастарымызға еге болары сөзсіз. Ардан аттамайтын, намысты таптамайтын ұландарды тәрбиелейікші ананы ардақтап, қызды қадірлейтін ұландарға зәру болғанымыз көкейді өртеп барады. Бізге не болды?

 

Серік Саханов

Сценарий авторы