Деймін да!

Бүгінде ПӘКТІГІН ашық саудаға салған қара көз қарындастарымыздың қатары көбеюде. Ал ондайларға тоқтау айтып жатқандар жоқтың қасы. Себебі, бұл – мәдениеттілік. Қаншалықты бетсіз, арсыз болсаңыз, соншалықты мәдениеттісіз. Заманауисіз. Зайырлысыз. Санамыз соған бейімделген. Ал басқа орамал тағып, ұзын киген, бүкіл денесін тұмшалап жапқан қыздарымыз ортағасырға сүйрейді-мыс. Олар — мәдениеттілікке қауіпті жандар. Сол себепті, қаршадай қыздармен күрес жүргізіп, олардың орамалдарын шештіргенді «ЖЕҢІС» көрудеміз. Күні кеше мектеп оқушылардың орамалдарын шештіріп: «Біз жеңдік!!!» деп әлемге жар салғандар, негізінен алып қарағанда «жеңілгендерінен» хабарсыз. Өйткені, ондай жеңіс тек, осындай пәктігін сатқан бойжеткендерді, омырауының үлкендігімен әлеуметтік желіде жарысқан қыздарды, бір-бірімен сүйіскен қыздарды, көшенің қақ ортасында жыныстық қатынасқа түскен жастарды тудырғаннан басқа ешқандай пайда әкелмейді. Бұл «жеңіліс» болмағанда, не? Шайтан бізге жаман істерімізді әдемі көрсетіп, бізді адастырады. Біз «әлемді құтқарып жатырмын» деп ойлауымыз мүмкін, бірақ негізінен алып қарағанда шайтанның алдауына түскенімізді байқамай қаламыз. Құран Кәрімде Алла Тағала былай дейді: «Сондай ісінің жамандығы (шайтан тарапынан) әдемі көрсетіліп, онысын ізгі іс ретінде көрген адам, (тура жолдағы адаммен тең бе?)». (Фатыр сүресі, 8 аят). #деймінда

Абдусамат Қасым фб паракшасынан