ДЕНІ САУ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
Ұлттық мүдде мен елдік болмыстың жаңғыруы, оның қазіргі қоғамның бет-бейнесіне айналуы – тікелей бізге жүктелген міндет. Яғни, балабақшаға келген әр сәбидің жүрегіне халықтың келешегіне қажетті ұстаным мен рухты енгізе отырып, айқын мақсаттылық пен адамгершіліктің негізін ұялату – тәрбиешілердің басты бағдары екендігі мәлім. Осы аталған жауапты бағыт пен біліктіліктің сараланған жолына жолдама алатындар – біздің тәрбиеміздегі бүлдіршіндер екендігі белгілі. Бірақ, бұл нақты жоспарлар кемелділікпен қаланатын келешектің төте жолына жетуге аздық етеді. Білім мен біліктің бойға сіңірілуінің алдында – баланың тұлғалану үдерісіне кедергі келтірмейтіндей кейіпте болуын ескеру қажет. Себебі, дені сау ұрпақтың ғана – саналық өсу нүктесі биікте әрі қалыпты болмақ.
Біздің балабақшамызда балалардың дұрыс сөйлеуі мен әрбір берілген ақпаратты жас шамасына қарай қабылдай алу ерекшеліктерінен бөлек, олардың өз деңгейіне сай даму көрсеткіштері де үнемі бақылауда болады. Бұл дегеніміз – бойы мен салмағының стандартты нормаларға сай келуі, оның гигиеналық талаптарды орындап отыруы, уақытылы ұйықтауы мен денсаулығына қажетті дәрумендерге толы тамақ ішуіне дейін ойластырылуы. Бұл аталғандардың барлығы олардың денсаулығының дұрыс және қарқынды түрде дамуын нақтылай түседі. Мен өз тобымдағы әр баланың жеке денсаулығының ерекшеліктерін ескере отырып, жеке кейде топпен әртүрлі шараларды өткізіп отырамын. Кей жағдайларда табиғат аясында серуендеумен қатар, онымен байланыса алу, күн көзінен қажетті энергияны денесіне енгізу, әрбір табиғат бөлшектерінің ішкі әлемін зерттеп, ондағы адамға қажетті органикалық дүниелерді өз денесімен байланыста ұстауына ықпал етемін. Осы табиғи жанасулардың өзі баланың табиғат әлемімен біртұтастықта болуына мүмкіндік берумен қатар, оның мейірімді және қамқор болуына да ықпал етеді. Сонымен қатар, еңбекке баулу, тіпті бір-біріне жақсы сөз айту, айналасының тазалық қалпын сақтай отырып, өзінің ішкі қалыптасу дейгейін құра алуына басымдық беріп, іс атқарамыз. Бұның барлығы баланың денсаулығын медициналық дәрумендерге тәуелді етуден көрі, табиғи ресурстарды толықтыру арқылы шынығуға үндейді.
Баланы келер шақтың басты тұлғасы ретінде санап, оның жетілуіне нақтыланған іс шараларды өткізумен қатар, үнемі денінің сау болуын назарда ұстап, аурудың алдын алуына да белгілі түрде әрекеттер ұйымдастырып отырамыз. Өйткені, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Өсу форматында өзгеше жайт орын алмайтын, өзіндік даму жолында беймаздыққа жол бермейтін түрлі аурулардан аулақ болған балалардың басты бағыты – ол өсу мен өркендеу жолы болатыны белгілі. Сондықтан да әр баланың саналық серпінділігінің негізгі сара жолында денінің дерттен аулақ болуын да басты орынға шығарып отыруымыз – біздің күрделенген жаһандану кезеңіне қауқарлы жеткіншектерді жетілдіруімізге жәрдемдесетіні ақиқат. Технологияның табандылықпен тегеурін бермей дамыған заманында, сау ұрпақтың салауатты салтын құруды ұмытпау – елдіктің өркендеуінің басты кепілі болмақ.