Денсаулық сақтау министрлігі елді немен қуантпақ?

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (ТМККБК) шеңберінде алынбаған дәрі-дәрмектер бойынша халықтың көптеп шағымдануынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі елдің барлық өңірінде халықты дәрілік қамтамасыз етуге талдау мен мониторинг жасауды бастады.

Соған байланысты, министрлік диспансерлік есепте тұрған, бірақ бекітілген Тізбеге (№ 786 бұйрық) сәйкес 2017 жылғы қазан мен желтоқсан аралығындағы кезеңде тегін дәрілерді алмаған барлық азаматтарды ТАӘ, ЖСН, байланыс телефондарын, емханалардың нөмірлерін және қаланы көрсете отырып, kf_mz@mail.ru электрондық поштасына өтініштерін жіберулерін сұрайды.

Министрлік осылайша тұрғындарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмеген фактілерді анықтауға шақырады.