Денсаулық сақтау вице-министрі Жамбыл облысында
Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының орталық аудандық емханасының қызметімен танысты.
Күн сайын 250 келушіге арналған ауылдық емхана – профилактикалық, шұғыл, және жоспарлы медициналық көмек көрсетеді.
Медициналық ұйым – заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Аудан тұрғындарына 260-тан астам дәрігер, орта және кіші медицина қызметкерлері медициналық қызмет көрсетеді.
Функционалдық диагностика бөлімшесін тексеру барысында Ж. Бүркітбаевқа компьютерлік томография, цифрлық рентген және цифрлық маммография аппараттарының жұмысы көрсетілді.