ДЕПУТТАТЫҚ САУАЛ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ

Облыста, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламасымен 2025 жылы балық өсіру көлемін 3 мың тоннаға, 2030 жылы — 8 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Алайда, аталған мақсатқа жер учаскесін беру және нысаналы мақсатын өзгерту Жер Заңнамасында нақтыланбағаны өз кедергісін келтіруде.
Жер заңнамасына қатысты мәселе, ол жайылым жер жетіспеушілігі. Мал басының негізінен тұрғындардың иелігінде болуына байланысты және ауылдық округтерге бекітілген жердің аздығынан бүгінге 683 мың га жайылымның жетіспейтіндігі анықталған. Бұл барлық аймақтарда кездесетін өзекті мәселелер екенін ескерсек, шешімін тапқан жағдайда төрт түлікпен өмірін байланыстырған, ауыл халқына қолдау болары анық.

Сәкен Арубаев