ДИІРМЕН ТАРТЫП, КЕЛІ ТАРТҚАН ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ
Халқымыз «Шынықсаң шымыр боласың» деп, тәннің саулығына ерекше көңіл бөлген. Әрі он саусағы майысып, әр іске икемделіп, ерлеріміз темірден түйін түйсе, қыздарымыз кесте тоқып, ою-өрнекті мың құбылтып, ісмерлігімен дараланған.
Ата дәстүрден айнымаған шулықтар да М.Жүнісәлиев саябағы мен «Жастар аллеясының» аумағында ұлттық ойындарымызды және ұлттық өнерімізді дәріптеді.
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қазақша күрес, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату мен аударыспақ сияқты спорттық сайыстар өтті. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табысталды.
Шеберлер қалашығында ұлттық және қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өтті. Қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ұлттық ерекшелігі айқындалатын бұл күні өнерді мансұқ тұтқан жергілікті тұрғындарымыз әр туындыға тәнті болды.