Дін бізді жақсартпайды, бірақ ол бұдан да жаман болуымызға кедергі
1. Бір діннің жұмағынан дәметкен өзге діннің тозағынан аттап өте алмас. ©Жюльен Фалкенаре
2. Крестті ұлықтап, оған қашалып жасалған адамды көрмейтіндердің қатарынан емеспін. ©Станислав Ежи Лец
3. Дін бізді жақсартпайды, бірақ ол бұдан да жаман болуымызға кедергі. ©Анри Бодрираллар
4. Адам — діни хайуан; ет жақынын дәл өзіндей жақсы көре тұрып оны діни мәселеге қатысты келіспеушілігі үшін бауыздап кете алатын жалғыз жыртқыш. ©Марк Твен
5. Құдайдың діні жоқ. ©Ганди
6. Адамның танымы тар болған сайын ол тарихты, табиғатты, пәлсапаны аз білетін болады, соғұрлым оның дінге ынтасы арта бермек. ©Людвиг Фейербах
7. Діни көзқарастардың бітіспеуінен әлемнің түкпір-түкпірінде адам қаны төгілмеген жер қалмады. ©Дени Дидро
8. Дін — сенімнің кең таралған суррогаты. ©Оскар Уайльд
9. Дін жарық қоңыз іспетті: қоңызға жарқырау үшін түнек керек. ©Артур Шопенгауэр
10. Адамдар дін үшін соғысуға неғұрлым пейілді болған сайын дін қағидаларын орындауда соғұрлым енжарлық танытатыны таң қалдырады. ©Георг Лихтенберг
11. Кез келген сенімнің өзегі өмірге өлім өлтіре алмастай мағына беруінде. ©Лев Николаевич Толстой
12. Бір бірімізді жек көре алатындай дінді бір қыдыру танимыз, бірақ бір бірімізді жақсы көрерліктей дінді терең білмейміз. ©Джонатан Свифт
Аударған Шынар Әбілдә