Дін-қасіретке емес, қасиетке негізделген

Дана Қазақ атам «дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деп кесіп айтып, болашақ ұрпақтың санасына бір ауыз сөзбен діннің мән- мағынасын, өміршеңдігін көрсетіп, мәңгілік бақытты елдің ұлттың болашағымен байланыстырып діннің негізгі өзегін алып имандылық пен кішіпейілділіктің құнды да мағыналы ұғымның ұясынан болашақ ұрпағын тәрбиелеуді айтып өткен.

Қазіргі қазақ қоғамында дініміздің қадір-қасиетін қашырып жүрген неше түрлі ой- пікірлермен қатар көлденең келген көк аттылардың ақиқатқа қарсы қайшы пікір айтып арабқұл деп тағы осы сияқты теңеулермен қоғам ішінде алып қашпа сөздердің куәсі болудамыз. Әрине бұндай ойлардың туындауына қазіргі жахандану кезеңіндегі геосаяси мәселелердің ықпалы да жоқ емес дейтұра қазақ елінің тарихын танымау, атадан балаға тәрбие арқылы жеткен қазақи мұсылманшылық мәдениетінің тірегі дәстүрлі исламның орны тарихта таңба басқандай көрініп тұр. Ал осы рухани құндылығымыздың негізгі асыл мұрасын мойындамау тағысын тағы бұл қоғамдағы белгілі бір топтардың тарапынан туындайтын ойларының нәтижесінде қалыптасуда.

Ислам діні сан ғасырдан бері өзіндік болмысын жоғалтпай шариғат талаптарымен ғибадаттың түрлерін оның орындалу ерекшеліктерін құдай туралы түсінікпен оның есім сипаттарын құранмен сүннетке сай сүйене отырып ортақ бір ереже қалыптастырған. Бұл үлкен мектептің қалыптасуына Пайғамбарымыз Мұхаммед (С.А.С.) салып кеткен сара жолы сахаба табиғиндардың жүріп өткен жолдары олардың қалдырған өсиеттері және де әділетті ислам ғұламаларының еңбегі шығармалары ислам әлемінде бір мызғымас діни мектептің оның тәжірибесін қалыптастырып кеткенін білеміз. Қазіргі ислам түсінігімен ұстанымы – қазақ қоғамындағы діни қауымдастықтың негізгі сара жолына түскен деп айтуға болады.

Ислами тақырыптарда қазақ қоғамындағы діндар жастардың догматикалық фатализмге әрі бір беткейлік түсініктермен уағыздардың шырмауына ұрынбауы үшін, жасампаз өнерпаз жастарды шығаратын жігерді рухтандыратын тақырыптар кеңінен насихатталуы керек. Ол үшін ғылыми зерттеу орталықтардың жұмысын жандандыру қажет. Ол болашақта өзіндік орын қалыптастырып негізгі бағыт-бағдар беретін жаңашылдыққа жетелейтіні белгілі. Ислам діні адамзатқа ақиқаттың есігін айқара ашып, терең ұйқыдан ояту үшін келген. Орта ғасырда Ислам діні арқасында есімдері жер жаратын энциклопедист, астроном, философ ғалымдары шыққан еді. Олардың ақиқатты түсінуі Ислам дінін дамытуы, белгілі бір дәрежеде әлемдік өркениет қалыптастыруы үлкен жетістік еді. Осыны байқаған Исламның ақиқаттың дұшпандары өскелең ұрпақтың санасына сол жолдың бұзылуына күш салып белгілі бір діни топтар мен күштердің де әрекеттері бар екені байқалады. Дінді біліммен ғылыммен байланыстырмау діни фанатизмге бой алдыру жастардың санасын діни догмалармен улау осындай қасіреттермен ұлттық бірегейлікті ыдырату арқылы ұлттық құндылықтарымызбен мәдениетімізден ажыратып санамызды мәңгүрттеу күрделі процестің сол әу бастағы идеологиялық соғыстың сарқыншағы әлі де ішінара белгілі бір деңгейде жүріп жатқанын байқалатын сияқты байқасақта білсекте көрмегендей сыңай танытудамыз. Ия бұлда бір қоғамдағы болып жатқан идеологиялық күрестің бірі. Болып жатқан әлеуметтік желідегі діни тартыстардың қарама-қайшы пікірлердің шешімін береалатын ғалымдарымыз жетерлік, алайда бұл бұнымен тұралап қалмау керек. Осы ғасырда танымал тұрғыда танытатын діннің ғылыми негіздемесімен әдістемесін ұсыну оны одан әрі мемлекеттік деңгейде нүктесін қоятын тетіктерді қалыптастырып дәстүрлі исламның ғылыми негіздемесін жаңашылдықпен қоғамға ұсына отырып идеологиялық тұрғыда қалыптастыру керек. Болашақ ұрпақтың тәрбиесі, тамыры тереңге тартқан дәстүріміз, рухани құндылықтарымыз, сан ғасырдан өзіндік бояуын жоғалтпай ұлт болып ұйысуына осындай сайын даланы сыртқы жаудан, ішкі даудан аман-есен осы ғасырға жетуіне рухани құндылықтарымыз бен мәдениетіміздің үлесі орасан зор.

Әрине ол халықтың бойындағы, санасындағы жігерлі рухтың күші қайсарлықпен батылдықты, жүрегіне сіңіре отырып әрі қайырымды болуында құдайын ұмытпауында сан қырлы қиыншылықтардан төзімділікпен өтуінде осындай дана халқымызға Алланың мейірімі түскенін ұмытпауымыз керек. Ортамызда мейірім болса жүрегімізде иман, іс-әрекетімізде қайырым болса, ел-жұртымыз аман болашақ ұрпағымыздың ғұмыры мәңгі берекелі болатынына кәміл сенемін. Өйткені бұл баға жетпес құнды рухани ұғымдарға, Алла Тағала өзінің хикмет сырын жасырып қойғанын түсінуіміз керек. Өткеннен сабақ алып болашаққа нық қадаммен басу, бұл парасаттылық, ыждахаттылық . Осы жолды жүріп өту, әрі ұстап қалу бұл толық адамгершілікпен имандылықтың үлгісі болып қала беретіні шындық. Осы мәңгі бақытқа жеткізер байлығымызды жүрегімізден өшірмейікші ардақты ағайын.

М.Мырзағараев,

Жамбыл облысы әкімдігінің

«Дін проблемаларын зерттеу орталығы КММ-нің

Сарысу ауданындағы инспекторы