ДІН МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Жаңатас қаласы дін мәселелері бойынша құрылған ақпараттық топ мүшелерінің қатысуымен Абай орта мектебінде жоғары сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуді ақпараттық топ мүшесі — Г.Мұсаева жүргізді. Кездесу барысында сөз алған ақпараттық топ мүшесі — С.Тоқбанов жастарға қатысты өзекті мәселелерді айтып, қоғамда позитивті өмірді қалыптастыру керек екендігін жеткізсе, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры — А.Пазылбеков жастарды жат ағымнан сақтануға шақырды.

Жаңатас қаласы әкімінің аппараты