ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӨНІНДЕГІ КЕЗЕКТІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаевтың төрағалығымен «Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің» отырысы өтті. Отырысқа Шу қаласы мен ауыл әкімдері, жауапты мамандар және мешіт имамдары қатысты. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша «Москва патриархы Михаил Архистратига приходы» жетекшісі Игорь Владимирович сөз бастап, баяндама жасады.
Сонымен қатар, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы М.Смайылов баяндама жасап, аудан аумағында 2023 жылы діни ахуалды тұрақтандыру, тұрғындардың діни сауатталығын арттыру бағытында атқарылған шаралар, 2024 жылға қойылған міндеттер және ауылдық округтердегі діни ахуал туралы баяндалды.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаев кеңес мүшелері мен қатысушыларға дін саласындағы жұмысты бақылауға алып, ақпараттық насихат жұмыстарын тұрақты жүргiзiп отыруды әрi қарай жалғастыру қажеттілiгi туралы нақты тапсырмалар берді.
Кеңес мүшелері өз ұсыныстарын айтып, өзекті сұрақтар талқыланды.