ДІНИ МЕРЕКЕ КҮНГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРА
Елімізде діни мереке ретінде аталып өтетін «Рождество» мерекесі күні аудандағы «Радонеж» славян этно-мәдени орталығының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Шара барысында Жаңатас қаласындағы аз қамтылған отбасындағы балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға мерекелік сыйлықтар үлестірілді.
Жалпы, «Радонеж» славян этно-мәдени орталығы аудан көлеміндегі қоғамдық маңызы бар және мәдени іс-шараларды көптеп өткізіп, этносаралық келісімді нығайту, отансүйгіштікті насихаттау сияқты шараларға белсене араласып келеді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі