Доллар өссе, зейнетақы мен жәрдемақы да көбейеді – Әлихан Смайылов

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында теңгенің жаңа бағамы мен инфляцияға байланысты зейнетақы мен жәрдемақыны индекстеуге уәде берді.

«Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек индекстеледі. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмек бағасы, азаматтардың шетелде ем алу бойынша шығындары да индекстелуі қажет болады», – деді Әлихан Смайылов.

Қаржы министрінің айтуынша, үкімет республикалық бюджеттің шығындары қысқарады. «Қай бағытта оңтайландыратынымыз белгілі. Біріншіден, қымбат көліктер мен жиһаздар, форумдар, семинарлар және басқа да іс-шаралар өткізу мәселесі. Бұл іс шараларға қанша қаражат жұмсалатыны есептелді. Екіншіден бюджеттен қаражат бөлінуі қажет жобаларды кейінгі қалдыра тұруға болады», – деді Смайылов.