Домбыра мен балалайка

Ақындар Шәміл Мұхаметжанов пен Қадыр Мырзалиев қалжыңдаса береді екен. Бір күні Шәміл Қадырдың өлеңін оқып отырады да:

«Нағыз қазақ    қазақ емес;

 Нағыз қазақ    домбыра», — деген жолдарға кеп тоқтай қалады.

Қадыр да елең етіп: «Е, ары қарай неге оқымайсың, неге үнсіз қалдың?» — дейді оған.

Сонда Шәміл:«Нағыз қазақ    қазақ емес,

Нағыз қазақ    домбыра»

Дедің-ау сен…

Бала, байқа!

Нағыз орыс    орыс емес,

Нағыз орыс    балалайка! —  деген екен.