ДОМБЫРА ТУРАЛЫ ТӨРТ ҚЫЗЫҚ ДЕРЕК
Шілде айының алғашқы жексенбісі елімізде ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтіледі Халықтың үніне айналған киелі аспабымызға ақын Қадыр Мырза Әлі «Нағыз қазақ қазақ емес Нағыз қазақ домбыра» деп лайықты баға берген
Ғасырлар бойы ұлтымыздың сенімді серігіне айналған домбыра туралы оқырман қауымға бірнеше қызықты дерек ұсынамыз.
ЕҢ КӨНЕ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАП
Халқымызбен бірге келе жатқан төл аспабымыздың нақты шығу тарихы туралы мәліметтер аздау болғанымен, ғалымдар Таразда жүргізілген археологиялық зерттеулерде табылған тасқа қашалған аспаптың суретінен кейін домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін деп болжайды
Ал ғалым Кемел Ақышев болса, б.з.б. 4000 жыл бұрын салынған домбыраның суретін тапқан. Демек домбыра бүкіл әлемдегі ең ежелгі музыкалық аспаптың бірі, 6000 жыл бұрын қолданысқа енген.
Домбыра сөзі көне шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына беретіні айтылады
Ахмет Жұбановтың жазуынша домбыра сөзінің шығу тарихы қозы құйрық сөзімен байланысты «дунбаһ»және «бурра»деген қоы араб сөздерінен туындаған. Расында бұл музыкалық аспаптың пішіні конус секілді яки қозының құйрығы сияқты аяқталады
Ал басқа бір деректерде «дом+бұра» сөздерінен шыққан делінеді. «Дом» сөзі «домығу, ісіну» мағынасында, бұра сөзі күйге келтір дегенге саяды.
«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, Қазақ-нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ домбыра» деген Қадыр ағамыздыңда теңеуі ғалымдар пікірімен үндес екенін байқаймыз.
ДОМБЫРАНЫҢ 20-ДАН АСТАМ ТҮРІ БАР
Домбыра әр өңірде халықтың тұрмысына салт-дәстүріне ән-жыр,күй мектебі мен өнерпаздардың орындаушылық мәнеріне, шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішінде дамып,өзгеріп отырған
Мысалы ән жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8-9,әрі кеткенде 14-15-ке жетсе,күй домбырасында 20-дан астам перне бар. Олардың құлақ бұрауыда қажетіне қарай (кварта,квинта) өзгертіледі. Домбыра негізінен екі ішекті кейде үш ішекті болып келеді.
Бүгінде ұлттық аспабымыздың 20-дан астас түрі бар олар ән мен күй домбырасы торсық тұмар,
кең шанақты, балдырған, балашық шіңкілдек аша
үш ішекті қуыс мойын шертер деп аталса оркестр домбыралары бірнеше түрге бөлінеді қоңыр дауысты (альт), жіңішке дауысты (прима) ащы дауысты (секунда)бас домбыралар. Домбырада күй орындаудың екі түрі «төкпе»мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Шертпе күйлер Арқа өңірінде ал төкпе күйлер Батыс аймақтарда кең таралған.
ГИННЕС РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНГЕН
Болатбек Кәрімханұлының жасаған ең кішкентай домбырасы Гиннес рекордтар кітабына енді. Оның ұзындығы
4 см 5 мм, ал
ені-1 см 4 мм. Бала кезінен ағаштан бұйым жасауға жаны құмар шебер бастапқыда рекордтар кітабына ену үшін ең үлкен домбыра жасап көруге ниеттенді Дегенмен қаржының аздығы
қолбайлау болып ең кішкентайына тоқтайды сондай ақ кішкентай домбыраның жоқ екенінде білгеннен соң іске кіріседі. Болатбектің қолынан шыққан ұлттық аспаптың құлағы, ішегі, тіпті сырт қабыда бар.
Қытайда тұратын қандастарымыз Толы ауданында 2010 жылдың
30 мамырында
10 450 адам бір мезетте«Кеңес» күйін орындап, Гиннес рекордтар кітабына кірді. Дайындыққа шамамен екі жылға жуық уақыт кеткен. Бұған тіпті жылқышылар мен егіншілерге дейін атсалысқан. Олардың«Кеңес» күйін таңдап алуындада өзіндік сыр бар. Қазақта «күйдің басы Кеңес» деген сөз жайдан жай айтылмаса керек.
ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТҚАН ДОМБЫРА
1969 жылдың сәуір айында Будапеште қазақ өнері мен мәдениетінің күндері өтіп жатты.Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазының «Ақбай» күйін орындады. Сәулетті залға жиналғандар сілтідей тынды. Мұндай оркестрді ешуақытта тыңдап көрмеген шетелдік зиялы қауым көзін жұмып таңғажайып әлемге енгендей күй кешті.Күй біткен сәтте бір ұзын бойлыақ шашты елуді еңсерген кісі сахнаға шықты. Бұл музыка академиясының ректоры Форш есімді профессор еді ол оркестрдің өнеріне ризалығын білдіріп дирижер Алдаберген Мырзабековке күлімсірей бұрылып «Маэстро оркестр орындаған жаңағы«Ақбай» симфониясын жазған композитор Құрманғазы қай консерваторияны бітірген қазір ол кісі барма деді қолындағы гүлін ұсынып.Мына оқыс сөзге іле жауап беруге сасқалақтаған Алдаберген Мырзабеков сәл іркіліп ойын жинақтады да сыпайы ғана жымиып
Құрметіңізге рахмет бұл шығарма симфония емес күй құрметті профессор.
Ол-қазақтың аспаптық музыкасының үлкен жанры. Құрманғазы ешқандай консерватория бітірмеген жан. Қазақ халқы ежелден көшпелі өмір сүрген.Ән күйлеріміздің сол тұрмыс салттың әуенімен туған. Мыңдап саналатын әндеріміз бен күйлеріміздің ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік ұлттық дәстүрі бар. Құрманғазы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген дала күйшісі, атақты домбырашы» дей бергенде профессор
Форш бұл сөзге сенбегендей басын шайқап: «Ғафу етіңіз маэстро! Құрманғазы Моцарт пен Бетховен оқыған консерваторияны бітірген адам деп ізетпен иіліп өз сөзіне өзі риза болғандай жүзі нұрланып, дирижердің қолын тағы бір қысты.
Кеулімжай ҚҰТТЫ
«Иман» №2 (235) Қаңтар 2024 жыл. 12 – 13 бет.