ДОС…

Бұл да мен естіген бір тағдыр еді.
Ауған соғысынан кейін… Үйіне қайтпақ болған бір солдат Кабулдан ата-анасына телефон арқылы байланысқа шығыпты.
«Әке-шеше! Мен үйге қайтайын деп жатырмын. Алдымен бір нәрсе сұрауыма болама? Мен бір досыммен бірге барайын деп едім…»
«Иә-иә, болмағанда, кел-кел. Досыңмен танысу біз үшін бақыт ғой»
«Бір нәрсені қайткенде айтуым керек. Досым соғыста бомбаның астында қалып жараланып, бір қолы, бір аяғынан айырылған. Басқа баратын жері жоқ болғандықтан бізбен бірге өмір сүруіне рұқсат етіңіздерші»
«Не дейсің балам! Мұндайды есту біз үшін өте өкінішті, балам. Оның орналасуына болатын басқа жерлер тауып беруге көмектесуімізге болады»
«Жо-жоқ, әке! Мен оның бізбен бірге болуын қалаймын!»
«Балам, сен оның бізден не тілейтінін білмей тұрсың. Ондай мүгедек адам бізге ауыр жүк болады. Біз өз өміріміз бар адамдармыз. Мұндай нәрселер біздің өмірімізге ауыртпалық салуын біз қаламаймыз, әрі рұқсат ете алмаймыз. Сен ол досыңды ұмытып үйге жетіп кел»
Дәл осы кезде телефон үзіліп кетеді. Баланың ата-анасы біршама уақыт баласынан хабарсыз қалыпты. Бірнеше күннен кейін қалалық полициядан хабарласып олардың баласының көп қабатты үйден құлап қайтыс болғанын туралы хабар жеткізеді. Полиция оқиғаны байқаусызда болған нәрсе емес өз-өзіне қол салу деп қорытынды жасаған екен. Шексіз қайғыдағы ата-анасы қаладағы моргке барып баласының сүйегін танып алуға тиіс болатын.
Әкес мен шешесі баласын дереу таныды.
Бірақ, ешқашан ойына да келмеген көріністі көріп амалдары құрып сұлқ қалған еді. Баласының тек бір қол, бір аяғы ғана бар екен.