ДОСБОЛДА ТЫҢ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Досбол ауылдық округі де ауданымыздың дамуына серпін беріп келе жатқан мекеннің бірі.
Ауылдық округте 2023 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бірқатар жобалар жүзеге асты.
Досбол ауылдық округіне Досбол, Шағалалы, Көкдала елді мекендері кіреді. Округте 643 адам есепте тұрады. Аула саны – 111 үй. Округте жалпы халықтың 59 пайызы экономикалық белсенді. Білім саласында – 78 адам, денсаулық сақтау саласында – 7 адам, мәдениет саласында – 7 адам, кәсіпкерлік саласында – 62 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өткен жылы 15 адам қоғамдық жұмысқа қабылданып, 2 адам жастар практикасынан өтіп, 9 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Уәкілетті органда 19 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.
Ауыл шаруашылығы саласында келетін болсақ, тұрғындарының негізгі кәсібі мал шаруашылығы.
Өткен жылы мүйізді ірі қара 1 854 бас, қой-ешкі 21 929 бас, жылқы 746 бас, 397 бас, үй құстары 401 бас болып қалыптасты. Қысқы мал азығын дайындауға байланысты ауылдық округте 8 930,0 тонна мал азығын жиналды.
Шаруа қожалықтары мен жеке қожалықтағы малдардың барлығы белгіленген тәртіп бойынша эпизоотияға қарсы емделіп отыр. Ағымдағы жыл ішінде, кенеге қарсы аулалар мен қораларға дәрі шашу, малдарды шомылдыру жұмыстары ауылдық округі бойынша 2 кезеңі толығымен жүргізілді.
Ауылдық округте 26 шаруа қожалық тіркелген. 12 шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарламаларға қатысуда. Мүйізді ірі қара малын асылдандыруды 5 , қой малын асылдандыруды 7 шаруа қожалығы жүргізуде.
Қайтарымсыз мемлекеттік грантты 2022 жылы 7 азамат алды. 2023 жылы 2 азамат алып, жеке кәсіп ашып, мал өсіруде.
2022 жылы 3 шаруа қожалығына «Жайылымдарды суландыру» бағдарламасы аясында 7 құдық қазылса, 2023 жылы 9 ұңғыма қазылды. Әрқайсысының құны – 18,5 млн теңгеден.
Ауылдық округтің барлық жер көлемі – 65 273,2 гектарды құрайды.
Оның ішінде: Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 53 362,98 гектар, шабындық – 5 555 гектар, жайылымдық – 36 944,67 гектар. Сондай-ақ, елді мекендер жері – 7622,19 гектар, өнеркәсіп, көлік, байланыс және қорғаныс жері – 59,8 гектар, орман қорының жері – 723,5 гектар, босалқы жер – 3 471,36 гектарды құрап отыр.
Ауыл шаруашылғы мақсатындағы жерлерін тиімді пайдаланбай отырған шаруа қожалықтарына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 6 шаруа қожалық анықталып, тізімі аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне жолданды. Өткен жылдың қорытындысымен 4 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Аймақтағы тұрғындарға 1 орта, 1 негізгі және 1 бастауыш мектеп, 3 фельдшерлік пункт, 3 кітапхана, 1 клуб, 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет көрсетеді. Ауылдық округтегі әлеуметтік нысандар толық жаңартылған. Үлкен Көкдала ауылындағы мектеп, медициналық пункт, кітапхана күрделі жөндеуден өткізілді. Әлеуметтік нысандардың барлығы қысқы отынмен қамтамасыз етіліп, жылу толық қосылған.
Досбол орта мектебінде бүгінгі таңда 104 оқушы білім алады, мұғалімдер саны – 28. Шағалалы негізгі мектебінде 46 оқушы, мұғалімдер саны – 19. Көкдала бастауыш мектебінде 14 оқушы, мұғалімдер саны – 2. Үш ауылдағы медициналық пункттерде 3 медбике жұмыс істейді.
Ауылдық округте өткен жылы жаңадан 1 тұрғын үй салынды. Жоба құны – 20 млн теңге. 110 шаршы метр құрылыс жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық округте 8 көше бар. Барлығы дерлік түнгі көше жарығымен қамтылған. Досбол, Шағалалы ауылындағы түнгі көше жарықтары толық LED –шамдарға ауыстырылды.
Ауылдық округке қарасты елді мекендерде 6 көше асфальттанған. Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала ауылдарының ішкі көше жолдары асфальттауды қажет етеді.
Жыл қорытындысымен мүлік салығы мен жер салығының жоспары 100 пайызға орындалды.
«Жомарт түлек» жобасы бойынша ауыл түлектері – 500 мың теңге қаржы жинап, мешітке қажетті құрал-жабықтар алып берді.
Ауылдық округте жүзеге асқан жобаларға тоқталсам:
Досбол-Шағалалы бағытындағы 9 шақырым автокөлік жолына орта жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Жобалық құны – 134 млн 987 мың теңге, Досбол ауылына 2 аялдама салынды. Жобалық құны – 2,5 млн теңге, Досбол ауылдық округіне көлемі 0,3 гектар жерге «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабы салынды, жоба құны – 3,8 млн теңге.
Досбол — Үлкен Көкдала бағытындағы облыстық мәндегі автокөлік жолына жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Жобалық құны – 730 млн теңге.
Шағалалы, Көкдала ауылдарына Ұялы байланыс желісін орнату бойынша «КСЕЛЛ» АҚ, «КарТел» мекемелеріне Шағалалы ауылынан арнайы жер телімі беріліп, құжаттары заңдастырылған болатын. Жыл қорытындысымен, «Актив», «Билайн» ұялы байланыс желілері орнатылып, пайдалануға берілді.
Шағалалы ауылына ауыз су құбыры тартылды. Жобалық құны — 253 млн 592 мың теңге, Шағалалы ауылына газ құбыры тартылды. Жобалық құны – 98 млн 297 мың теңге.
Биылғы жылы ауылдық округте бірқатар жобаларды іске асыруды жоспарлап отырмыз:
Атап айтқанда, Шағалалы ауылына «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабын салу,
Досбол, Шағалалы ауылдарындағы К. Жұмабеков, К. Мұсабаев көшесінің түнгі жарықтарын жөндеуден өткізу,
Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала ауылдарына кіре беріс жолдарға асфальт төсеу,
Үлкен Көкдала, Кіші Көкдала ауылдарына ұялы байланыс желісін орнату, Досбол ауылына кіре беріс жолға түнгі көше жарығын орнату,
Досбол ауылына ірі қара малдарын емдейтін қора(раскол) салу,
Досбол ауылына Талас өзені бойына су өлшегіш құрылғы орнату, Досбол ауылындағы «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабын саябаққа айналдыру,
Досбол ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу сияқты жұмыстар бар.
Ауылдық округтің әлеуметтік- экономикалық дамыту бағытындағы жұмыстар жалғаса беретін болады.
Абылай Сапарбек
Досбол ауылдық округінің әкімі