Достардың қалтасы ортақ болады (Тәмсіл)
Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызметшілерінің бірі Əнəс ибн Мəлик (оған Алла разы болсын) деген сахабаға бір кісі келіп айтыпты:
-Ей, Əнəс, Келші сенімен дос болайын, қол берші, дос боламыз ба? — дегенде. Əнəс(оған Алла разы болсын) күліп:
— Достықтың салмағын көтере аласың ба? -деген екен. Сонда айтыпты:
-Айтыңыз құрметті сахаба, қандай салмақ? — дегенде:
-Ең біріншісін айтайыншы сол жерден қайтатын шығарсың. Достардың қалтасы ортақ болады. Яғни, ақша салуға əркімнің өзінің жеке қалтасы болмайды. Екеумізде де бір ғана қалта ақша болады. Қалаған уақытымда мен сол қалтаға қолымды салып ақшаңды алып кетем, қалаған уақытыңда сен келіп алып кетесің. Соған шыдайсың ба? — деген екен.
Дүние шіркін ыстық ғой, ана жігіт басын шайқаған екен.