Дұғаның кедергілері

Дұғаның қабыл болуына кедергі келтіретін нәрселер төмендегідей:

Бірінші кедергі: харамға бой алдыру, хараммен жеу, ішу, кию.

Екінші кедергідұғаның тез қабыл болуына деген шыдамсыздық танытып, ақырында дұғаны тастап қою.

Үшінші кедергі: асылық және тыйым салынған істерге бой ұру. Дұғаның қабыл болуына тыйым салынған шектерді бұзып, күнәларға бару кедергі болуы мүмкін.

Төртінші кедергі: Алла Тағаланың міндеттеген парыздарын орындамау. Құлшылық істерін орындаудың дұғаның қабыл болуының бір себебі десек, керісінше, мұсылманға міндеттелінген парыздарды орындамау да дұғаның қабыл болуына кедергі болып есептеледі.

Бесінші кедергі: Күнә-қателікте болу не туыстық байланыстарын үзу.

Алтыншы кедергі: Дұғаның қабыл болуы Алланың хикметімен кешігуі ықтимал. Бұл туралы айтылған хадистер де бар. Оған сабыр сақтап, күту қажет.