ДУЛАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Күні кеше ауданымыздағы Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауы өтіп, жергілікті тұрғындар өз таңдауын жасаған болатын.
Осыған байланысты бүгін аталған округтің әкімі қызметіне сайланған Кірпікбаев Біржан Ержанұлын ауыл тұрғындары мен әкімдік ұжымына таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледік.
Жаңадан сайланған әкім ауыл тұрғындарының сенімін ақтап, жергілікті жұртшылықпен бірлесе жұмыс істейді деген сенімдемін. Өздеріне үлкен жауапкершілік алған жаңа әкімнің қызметіне табыс, бастамаларына береке тілейміз.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі