ДУЛАТИ ТҮЛЕКТЕРІ ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ АШЫЛАТЫН СОДА ЗАУЫТЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН БОЛАДЫ
Түркияның Yildirim Holding трансұлттық корпорациясының басшылары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұмановпен кездесті.
Кездесуде Жамбыл өңірінде жүзеге асырылатын инвестициялық жоба туралы сөз қозғалып, химиялық зауытқа кадр даярлау мәселесі талқыланды.
Сарысу ауданында Yildirim Holding трансұлттық корпорациясы сода зауытын ашуды жоспарлаған. Жалпы кәсіпорынның құрылысына 400 мың АҚШ долларға жуық көлемінде инвестиция тартылмақшы. Сода өндіруді қолға алғанда өнеркәсіпке тұрақты 300 маман күші керек.
Кәсіпорын 2025 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Yildirim Holding компаниясы зауытқа қажетті кадрларды алыстан іздемей, Дулати университеті даярлайтын мамандарды жұмысқа тартуды көздеп отыр. Сол үшін шетел инвесторлары оқу орны, студенттер және зауыт арасында үшжақты келісімшарт жасаспақ ниетте. Кездесулер мен келісімдер арқылы оң шешім қабылданса, жақын жылдарда-ақ Дулати түлектерінің жұмысы дайын тұрады.
Yildirim Holding – 1963 жылы құрылған түрік әртараптандырылған өнеркәсіптік тобы. Холдинг құрылымында әлемнің 52 елінде зауыттары бар. Жалпы саны 13 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті сейчас в М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.