ДҮНГЕН АҒАЙЫНДАР ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ЕГУГЕ НИЕТТІ

Өткен аптада аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков және ауыл әкімдері мен шаруа қожалық жетекшілері көршілес Қордай ауданына барып, дүнген ұлтының өкілдерімен кездесу өткізген болатын. Жиын барысында дүнген ұлтының өкілдері Шу ауданында пиязбен бірге қант қызылшасын егуді де қолға алса деген ұсыныс-пікірлер айтылған еді. Көп ұзамай-ақ аталған жұмыстың нәтижесі де бірте-бірте көріне бастады.

Күні кеше ғана қордайлық дүнгендердің көшін бастап жүрген Лугмар Сандуров ауданға арнайы келіп, аудан басшысымен және ауыл әкімдерімен бірге жоғарыда аталған мәселені талқылады. Соған сәйкес, биылдан бастап дүнген ағайындар ауданымызда қант қызылшасын егуге уәде беріп отыр. Ал оларды ағын сумен қамтып, тұқым алу мен субсидия беру жағынан әр ауылдық округтің әкімдері көмек қолын созып, өз кеңестерін беріп отыратын болады.

Шу ауданы әкімдігі