Дүние алма-кезек…
Суретте: Германияның əйелдер ісі жөніндегі министрі Ангела Меркель мен канцлер Гельмут Коль. 1991 жыл.
Алайда, арада 10 жылдан астам уақыт өткенде Ангела Меркель канцлер Кольдің өзін жұмыстан босатты. Өмір бумеранг. Бір кездері оған өзі бағынып, алдында құрдай жорғалап жүрген адам кейін бұрынғы басшысын өзі құртты.
Ангела Меркель Германияның тұңғыш əрі əзірге жалғыз əйел канцлері. Ол 12 рет əлемнің ең беделді əйелі атанған. Оны бүгінде Маргарет Тетчерден кейінгі дəуірдегі Еуропадағы мықты əйел саясаткер деп атап жүр.
Меркель Германияда бірқатар əлеуметтік жəне экономикалық өзгерістер жасаған адам. Оның имигранттарға қатысты саясатын да жұрт жақсы біледі. Еуроодақтан шығушыларды жақтамайды. Ресейдің Украина мен Қырымға қарсы ұстанған саясатына қарсы. АҚШ пен арадағы Трансатлантикалық еркін сауда айналымын сынаушылардың бірі.
Өзінің саяси карьерасын 1989 жылы бастаған Меркель Германияның қоршаған ортаны қорғау министрі болып тұрған тұста дүниежүзілік экологияға қатысты мəселелерді көтерді. Улы газды таратпау жөніндегі оның мəлімдемесі Киото протоколына енгізіліп, БҰҰ — ның қабырғасында əлемдік климат туралы бастаманы бастады.
Алайда, Ангела Меркельдің беделіне нұқсан келтірген саяси əрекеттер де жоқ емес. Мəселен: Американ агенті болған Эдвард Сноуден 2002 жылдан 2005 жылға дейін АҚШ орталық барлау қызметінің Меркельдің телефонын құпия тыңдап келгендігін жариялады. Ол 2005 жылы Меркельдің канцлер болып сайлануы үшін АҚШ конгресі рұхсат берген деп мəлімдеген еді.
Жалпы, Германияда федералды канцлер лауазымы 1949 жылдан бастап бекітілді. Бұл қызметте алғашқы канцлер Конрад Адэнауер болды. Негізінен 4 жылға сайланады. Канцлер лауазымында ең ұзақ уақыт отырған азаматтың бірі Гельмут Коль болды. Ол 16 жыл Германияны басқарды. Ал, 2005 жылдан бері ел басқарып келе жатқан Меркель де 13 жыл билік басында келеді…