«Дүниеде не өлмейді?»
Бірде Жәнібек хан елге таныла бастаған төрт
шешенді сарайына шақыртып алып; «Дүниеде не
өлмейді?» — деп сұрапты. Сонда Жанай шешен
мүдірместен;
— Аспандағы ай өлмейді,- депті.
Қарауыл шешен сәл ойланыңқырап;
— Асқар тау өлмейді, — деп жауап беріпті.
Бапан шешен де қалыспай;
— Қара жер мен аққан су өлмейді, — депті. Ал өз
кезегі келген Жиренше шешен асықпай-аптықпай
жайлап тіл қатыпты;
—
— Бұл жалғанда өлмейтін екі-ақ нәрсе бар…. Онан
басқаның бәрі өледі. Мәселен ай мен күннің өлгені
— еңкейіп барып батқаны. Қара жердің өлгені – қар
астында жатқаны. Аққан судың өлгені аязда мұз
боп қатқаны. Өлмейтұғын зат бар ма? Ажал деген
атқан оқ, жаратылыс қақпаны….
Өлмегенде не өлмейді; жақсының аты мен
ғалымның хаты өлмейді, — деген екен.