ДҰРЫС ҚҰДА БОЛА АЛМАЙ …
Құдасы; «Қызыңыз мынандай ісі, тб анау-мынау» деп құдасына айта бастаған екен.
— Құда, үйде сіздің айтқаныңыз бен бұйрығыңыз орындала ма, құдағиға сөзің өте ме,- деп сұрапты. Құдасы:
— Аййй, ондай заман қайда, келмеске кетті ғой,- десе керек.
— Олай болса, отбасылық мәселе туралы сөз қозғамаңыз. Жалпы құдалардың әңгімесі ел туралы, бірлік-береке туралы, жастардың жарқын болашағы туралы және жасқа үлгі, үлкенге ғибратты әңгіме болуы керек. Үй-ішілік кикілжің, «әрі отыр, бері отыр» деген тақырыптардан, отбасылық ұрыс-керістен аулақ болуы керек. Қолыңыздан келсе, отбасындағыларға кесіп-пішіп айт, қолдан келмесе әйелдердің сөзіне араласып, әйелдің сөзін айтудың керегі жоқ. Құдам, түсінсең осы!
Біз құдалармыз. Құданың құрметін біліп, құдалардың сыйластығын сақтайық. Жас ұрысады, керіседі. Оларға ақыл беру, жөн сілтеу біздердің міндетіміз. Мен тұрмысқа шыққан қызыма; «сен сол үйдің адамсың, сол үйдің түтінін түтетіп, отын жағатын сенсің. Сол үйдің қиыншылығына да, қуанышы мен қызығына да сен ортақсың. Өз үйіңнен өзге үйге барып, сыйу, сол үйдің тұрмыс-тіршілігіне үйрену оңай емес, «кеткен қыз, шиден тысқары» деген, сен — тек сол үйдің адамсың. Артыңа, төркін жұртыңа алаңдама, есіткеніңді, отбасыңдағы ұрыс-керісті тб анаңа, маған тб айтпа. Біз басқа үйдің адамымыз. Бізге тек жақсы әңгіме,жеткен жетістігің туралы айт. Үйге келсең, біздің үйдің тіршілігінде шаруаң болмасын. Біз өз тіршілігімізді өзіміз атқарамыз. Тұрмыс құрғаннан кейін сен жас емессің. Ойлан, ойлан, ойлан. Әр істі ақылмен ойлан. Қиыншылықты да, қуанышты да тек ақылға жеңдір»— деп айтып жүремін. Ал, шешесіне; тұрмыстағы қызыңмен жұмысың болмасын. Ол үйдің шаруасына, бір-біріне деген қарым-қатынасында жұмысың болмасын. Қызбен көп сөйлесе берме. Көп сөйлессең сен де бұзыласың, олардың ортасына алабүлік саласың»— деп, тыйып отырамын.
Негізі келін алған құда отбасына ие болуы керек. Отбасында бірыңғай әйел-балашағаның сөзі өтіп, солардың айтқаны бола берсе, соңы жақсы бола бермейді. Отбасына биік парасатты, дұрыс ақылы бар, алыстан болжай ойлайтын ер азаматтың ақылы керек. Отағасының қасқабағы, сәл қаталдығы қажет.
Қонақта отырғанда осы әңгімені бір кісі айтып, біраз ғибрат алдық. Көптікөрген және қорытынды шығара білген кісінің әңгімесі.
Жазып алған Оңдасын Оразов
Әкенің мысы үйдегі тәртібтің негізі. Әжем айтатын; «үйде қаһарлы әкеңнің жөткіргені, кіріп-шығып жүргені үйдегі шайтанды қашырады»- деп.