ДҮНИЕГЕ ҚАЗАҚТЫҢ КӨЗІМЕН ҚАРАЙЫҚ
Денис Кривошеев деген журналист көпбалалы аналарға тегін пәтер берілсін деген халықтың орынды талабына қасақана қарсы шығыпты. Ол да депутат Косарев сияқты мәселеге Ресейдің көзімен қарайды екен. Ал қазақ дүниеге Ресейдің көзімен қарай алмайды, қазақтың көзімен қарайды. Мұнысы айып та емес. Өзі ғана емес, Қазақстанды басқарып отырған, заң шығарып отырған адамдардың да осы көзбен қарағанын қалайды. Егер олар қазақтың мүддесіне қазақтың көзімен қарамай, Ресейдің немесе басқаның көзімен қарайтын болса, оның олардың қазаққа қас, дұшпан болғаны.
Қазаққа қазір не керек? Қазаққа қазір көбею керек. Қазақты жұтылып, жоқ болып кету қаупінен құтқаратын біздің ішімізден шығатын тұлпарлар. Тұлпар тек мыңнан шығады. Жүзден шықпайды. Жүзден тек жүйрік шығады. Ал қазақ жүйрік қана емес, тұлпар болуы тиіс. Басқа жол жоқ. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар…» деп баяғының шалдары бекер қақсамаған.
Көпбалалы аналар осы қауіптің алдын алатын ұлттық байлығымыз деген көзқарас қалыптасуы керек. Осы байлығымызды жасауға мұнай және басқа да қазба байлықтар жұмсалуы тиіс. Әрі бұл құрмет қазақтың баласын туған аналарға ғана тиісті болуы керек. Жарық дүниеге ұлты қазақ емес ұрпақ әкелген әйелдер бұл құрметтен дәмеленбей-ақ қойсын. Ол үшін өкпелемесін.
Біріккен Араб әмірліктерінде солай. Сол себепті олар рухы мықты мемлекет болып отыр. «Құдай, Ұлт, Президент!» деген ұранмен президентін ұлттан кейін қоятын бұл елде жергілікті араб жігіті (басқа ұлт емес, тіпті басқа елдің арабы да емес) отбасын құрса, оған 119 мың доллар көмек көрсетіледі, үй алу үшін өсімсіз несиесі тағы бар. Ол несие егер үшінші сәбиі дүниеге келсе, өздерінде қалады. Босанған жергілікті араб әйеліне әрбір бала сайын қомақты ақша төленеді.
Бұл көзққарас, әрине, бір күнде қалыптаспайды. Соны қалыптастыру бүгіннен басталуы тиіс. Тіпті, қазір оннан аса бала туып, Алтын алқа таққан, сөйте тұра үйсіз жүрген аналар баршылық.
Денис Кривошеев деген журналист қазақтың көбею жолын жақсы түсініп, сол жолға жанталаса балта шауып отыр. Оның осы арам ойымен ымыраға келуге еш болмайды. Ойымызды ашық айтайық, біз Қазақстанда қазақтың көбейгенін, керісінше басқа ұлттардың азайғанын қалаймыз. Бұл Қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігі үшін ауадай қажет нәрсе.
Баяғы батыр бабаларымыз шалғайынан ала кеткен айдақардың басын айбалтамен шімірікпей шауып тастаған. Қазіргі біз де тасада тұрып, шалғайымыздан ала кеткен арам ойлардың басын шімірікпей шабуымыз керек. Және дер кезінде.
Нұрлыбек САМАТҰЛЫ