Джеймс Донован. Америкадағы әйгілі адвокат.

1957 жылы Кеңес тыңшысы Рудольф Абель Америкада тыңшылық жасап жүрген жерінен ұсталады. Сол кезде оған адвокат болуға бір де бір американдық адвокат келіспейді. Өйткені жауды ешкім қорғағысы келмейді. Тек, оны осы Джеймс Донован ғана қорғайды. Қорғап ғана қоймай, тыңшы Абельдің жазасын өлім жазасынан, 30 жылдық түрмеге қамауға ауыстырғызады. Артынша Жоғарғы сотқа шағымданып, Абельді ұстау барысында АҚШ конститутциясы бойынша оның құқығы бұзылғандығын дәлелдейді.

«Бұны не үшін қорғайсың?» дегендерге:
«Қазір алып мемлекеттер арасында теке тірес болып жатыр. Бірақ олар бір- бірлеріне қарумен күштерін көрсетпек. Одан да маңызды нәрсе бар. Ол біздің заңымыз, конститутциямыз. Ол баршаға ортақ әрі әділ болуы тиіс. Біз осымызбен ерекшеленуіміз қажет» дейді. Тыңшыны қорғағаны үшін, өлім жазасына кестірмегені үшін отандастарының көбі оны жек көреді.

Кейін 1960 жылы Америка тыңшысы Гэри Пауэрс Кеңес үкіметін ұшақпен барлау жасап жүргенде ұсталып, ұшығын атып түсіреді. Тірі қалған оны орыстар он жылға соттайды.
Адвокат Донаван екі тыңшыны ауыстыру процессін жүргізіп, сәтті орындап шығады.
Тыңшыны қорғағаны үшін жек көрінішті болған адвокат әп сәтте- ақ Американың сүйіктіп перезенті болып шыға келеді.

Ол бар болғаны өз ісін шынайы адал атқарды. Жауы болса да өз елінің конституциясы мен заңынан аттай алмады. Ар ұждан дегер осы шығар.

Айтпақшы осы туралы Том Хэнкс ойнаған «Шпионский мост» фильмі бар. Көрсеңіз әйбат…

Нұрбол Ханағатұлы фб парақшасынан