Ең басты мәселе халықтың хәл – ақуалы  

   Елбасы  Н.Назарбаевтың тапсырысымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ел экономикасына бейресми жұмыспен қамтылған халықты қалыптастыру және тарту 2018 – 2020 жылдарға арналған «Жол картасын» әзірледі.  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының мақсаты – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке қамту.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бұл мәселе тағыда талқыланып, «Еңбек» нәәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппа кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мақұлданды. Мақсаты – шағын несие беру, қысқа мерзімді оқыту және кәсіпкерлік негіздеріне оқыту құралдарын кеңейту.

Бүгінде шағын несиелендіру мен гранттар үшін қосымша 32 млрд теңге бөлінеді, бұл 30 мыңға жуық азаматты қамтуға жол ашады . «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша үш жыл ішінде 100 ең сұранысқа ие мамандық бойынша кем дегенде 200 мың адамды оқыту көзделген.

Жолдау аясында барлық елді – мекендер тыс қалған жоқ. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында да Т.Рысқұлов ауданда айтарлықтай жұмыстар атқарылуда:

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға 230 адам  жоспарланып, 43,8 млн. тг қаржы бөлінді, оның 165 азаматы оқуды  аяқтап, 18 азамат тұрақты жұмысқа орналасса, 11 азамат қайтарымсыз грант алды.

Екінші бағыт  «жаппай кәсіпкерлікті дамыту», бойынша: 147 адамға 617,7 млн.тг несие беру көзделіп, бүгінгі күнге 109 адам 368,9 млн.тг. несие алды.

Үшінші бағыт: «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша ағымдағы жылы  «Жастар практикасы» аясында 126 жас түлектер жұмысқа жолданса, оның 23 азаматы тұрақты жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 2019 жылға 1 970411,0 мың тг қаражат бөлінді (республикалық бюджеттен 1849800,0 мың тг, жергілікті бюджеттен 120611,0 мың тг). Биылғы жылдың 1 қыркүйегіне 2533 отбасының 13974 адамына 1182110,4 мың тг атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.

Т.Рысқұлов  ауданынан 12 отбасын солтүстік өңірлерге көшіру жоспары белгіленіп, есепті кезеңде  10 отбасы 29 адам қоныс аударды.

Еліміздегі ең басты мәселе халықтың хәл – ақуалы болғандықтан мемлекет басшылары бұл нәрсені үнемі өздерінің басшылығында ұстайды. Үнемі қолдау көрсетеді.

Дедек Төлен

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.