Ең кедей президент кім?
Хосе Мухика — бұл әлемдегі ең кедей немесе ең қолы ашық президент саналады. Сондықтан, оны жұрт жақсы көрді. Тіпті, ол 2018 жылы Уругвай президенттігінен өз еркімен кетемін дегенде халық жаппай көшеге шығып, оған өкілеттілігі біткенше 2020 жылға дейін қалуы жөнінде ұсыныс тастады. Алайда, Мухика осыған қарамастан биліктен кетті. Себебі, ол жасының келгендігін айтып, ендігі өмірін зейнеткерлікке шығу арқылы демалыспен өткізетіндігін жеткізген болатын.
Сонда Хосе Мухика қанша жыл президент болды дейсіз ғой? Әлбетте, 30-40 жыл емес. Ол Уругвайды небары 8- жыл ғана басқарды. Осы уақыт ішінде жұрттың сеніміне кіргендігі соншалық ол биліктен кетеді дегенді естіген жұрт бірден жылап көшеге шыққан.
Ал, Хосе Мухико сонда несімен ерекшеленді?
Оның басты ерекшелігі қарапайымдылығы. Сол үшін де жұртқа сүйкімді болып көрінді. Өйткені, Уругвайда жұрт бүгінде 1000- доллардан артық айлық алмайды.
Ал, президенттің жалақысы 12 500 доллар болатын. Билікке келе салған Мухика өзінің айлығын қайырымдылық қорына аударатындығын айтып, жеке басына тек 1250 доллар ғана алып отырды. Ол үкіметке президенттің табысы халықпен бірдей болсын деп бұйрық берген еді. Себебі, Уругвайда өмір сүру үшін осы қаражат та жеткілікті деді президент. Сонымен қатар, мемлекеттік шығындарды қысқарту үшін президент сарайында емес, өзінің Монтевидеодағы үйінде тұрды. Өйткені, оның қасында әйелі мен иті ғана болған. Екі адам үшін хан сарайында тұру артық шығын деп есептелді. Тағы бір қызықты мәлімет. Хосе Мухика 2010 жылы алғаш президент болып сайланғанда оның атында 1987 жылғы «Фольксваген» автокөлігі ғана болған екен. Сонымен, 2018 жылы Хосе Мухика президенттік биліктен кеткеннен кейін оны жұрт сенаторлыққа сайлады. Алайда, ол сенатор болуға келісім бергенімен, сенатордың жалақысынан бас тартыпты. Атымтай жомарт, оның себебін сұрағандарға өзімнің зейнетақым да жетеді деген көрінеді.
Міне, түйені түгімен жұтып, алтыннан автомат құйдыртып, 170- хан сарайын салдырған Саддам секілді президенттердің өмірімен салыстырғанда бұл қызықты емес шығар. Бірақ, тыныш әрі мәнісі бар, ел игілігіне бөленген маңызды өмір. Себебі, патша үшін халықтың сенімінен артық не керек)…
Айбол Карашев фб парақшасынан