Е.Сағадиев ұстаздар мен тәрбиешілерді жарылқамақ
Үкімет отырысында еліміздің Бас ұстазы Ерлан Сағадаиев: «Біз мұғалімдер мен тәрбиешілердің баласын балабақшаға қабылдаған кезде жеңілдіктер енгізуді ұсынып жатырмыз. Әскерилерге осындай жеңілдіктер қарастырылған. Балабақшалардың саны өсіп келеді, орын жеткілікті. Сондықтан біз жоғарыда аталған норманы енгізу бастамасын көтереміз», — деді.
Осы ұсынысы арқылы басынан дау-дамай кетпей келе жатқан министр қоғам мүшелерінің алдында бәсін арттырып алғысы келген сынды. Реформатор Ерлан Сағадиев тағы да мұғалімдердің әлі күнге дейін қағазбастылықтан құтыла алмай отырғанын атап өтіп: «Қазіргі таңда бүкіл қажетті ақпарат министрліктің ұлттық білім беру деректер базасында бар.
Осы деректер базасы ұстаздарды қосымша жұмыстан босатуға септігін тигізеді»,— деген ойын да жеткізді.