Егде жастағы көп балалы аналарды қарттар күнімен құттықтады
Елордада 5 059 әйел “Күміс алқа” және “Алтын алқа” медальдарымен марапатталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда егде жастағы батыр аналардың отбасыларына әкімнің бас инспекторы, Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Мөлдір Бөлебаева “Strong mothers NS”қоғамдық қорының өкілдерімен бірге қарттар күнімен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.
“Бұл мереке ұзақ өмір жолы бар, өздерінің адал еңбектерімен және еліміздің қоғамдық өміріне белсенді араласқан құрметке лайық адамдардың күні. Сіздер біздің озық дәстүрімізді сақтап отырсыздар, өскелең ұрпақ үшін үлгі боп қала бересіздер», — деп атап өтті Мөлдір Бөлебаева.
Қарт аналарға қазақ дәстүріне сай шапан жауып, азық-түлік себеттерін таратып, әкімдіктен алғыс хаттар табыс етілді.Нәзік жандар да өз қуаныштарын білдіріп жатты.
«Мен сегіз баланы дүниеге әкелдім. Мен өзімді бақытты әйел деп санаймын: үш ұл, алты қызды дүниеге әкелдім, 19 немерем және 36 шөберем бар. Балалы болу- бақыт деп айтқым келеді. Өз балаларыма өте ризамын. Олардың өз отбасылары бар, ал мен үлкен ұлыммен елордада 18 жылдан бері тұрып келемін», – деді Раушан Шаймерденова.
Айта кетейік, елордада 22 235 көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 17 176 кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар. 5 059 көп балалы ана «Күміс алқа» және «Алтын алқа» медальдармен марапатталды.