Егемендігіміздің төл перзенті — бас қала

Астана — ел тәуелсіздігінің символы. Бүгінгі таңда елордамыз Еуразия кеңістігінде лайықты орынға ие болып, өзінің рухани бай салт-дәстүрімен, еңбексүйгіш, мейірімді де қонақжай тұрғындарымен, бірегей сәулет құрылыстарымен, мәдени ескерткіштерімен әлем елдеріне танылып үлгерді. Астананың бас сәулетшісі — тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл күндері Астана мен Елбасы егіз ұғымға айналған. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаевтың ерік-жігері мен саяси көрегенділігі және табандылығы арқасында дүниеге келген Астанамыз әлем жұртшылығына мойындатқан бірегей жоба ретінде де танымал болды. Астана жобасы өзін-өзі толығымен ақтады.

«Астана біздің бүкіл елімізге қуатты пассионарлық серпін берді. Ол Қазақстанның көп этносты халқына өзінің біртұтас тарихи тағдырының кереметтігін сезініп, өз күшіне сенуге көмектесті. Астана бүкіл Қазақстан үшін табыстың стратегиясы мен тактикасы болды», — деді Елбасы осыған орай сөйлеген сөзінде.

1

Жаңа астана жобасы, оның қазіргі құрылысы мен келбеті мемлекеттілігіміздің, мемлекеттік идеяның, Қазақстанда мекендеген жүзден астам этностың бірлігі мен ынтымағының құрамдас бөлігі ғана болып койған жоқ, мемлекеттік ұлттық идеяның өзегі де болды. Елбасымыз астана идеясын мемлекеттік тұғырына, Қазақстанның даму символына айналдырды. Қазақ елінің асқақ абыройының айғағы болған әсем Астана мемлекетіміздің өркенді дамуының өнегелі үлгісі бола алды.

Елорда — басына бақ қонған бақытты қала. Әсіресе құрылыс жағынан айы оңынан туған қала. Әлемдік ақыл-ой сарапшыларының тұжырымдары бойынша, қазіргі таңда Азияда әлемнің экономикалық қуатының бір полюсі болып санала алатындай ірі экономикалық кластер қалыптастырып үлгерген бірден-бір қала болып отыр. Бұл күндері ол өз мерейтойын атап өтуде. Бүгінгі таңда бұл шаһар қазақ елінің астанасы ғана емес, бүкіл Еуразияның жүрегіне айналды. Шын мәнінде, ғасырлар бойы өз жері мен елінің бостандығын аңсап, азаттық таңын сарыла күткен қазақ халқы үшін тәуелсіздік ұғымы қандай қымбат болса, еркін елдің ен даласының төріне ту тіккен жас мемлекетіміздің елордасы да сондай ыстық. Осыдан тура 19 жыл бұрын Астана қаласының тұсаукесер рәсімі салтанатында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Әрбір қаланың өз тағдыры бар. Ол тұрғындарының, тұрған елінің тағдырымен тығыз байланысты. Біздің бас қаламыз — тәуелсіздігіміздің төл перзенті. Астананың болашағы — тәуелсіз еліміздің болашағы. Еркін еліміз өсіп, өркен жая берсе, елордамыз да алыс қиянға көз тігіп, дами беретін болады. Жас Астанамыздың қаласы да, оның тұрғындарының санасы да жаңа заманға лайық болса, шығар шыңымыз шырқау биікте болады. алқымыздың жаңа ғасырдағы жарқын шежіресі дәл осы жерде жазылып жатыр, жазыла да береді. Жасампаздықтың жарқын үлгісі, бейбітшіліктің бесігі — Астанамыз еркін еліміздің түпкі 15 жыл ішінде елорда қала экономикасының дамуы мен тұрғындар өсімінің адам сенгісіз жоғары қарқынын көрсетті.

2

Астанада Қазақстанның жаңа инновациялық экономикасының ядросы қалыптасуда. Астана бүкіл Қазақстан экономикасының локомотивіне айналды. Ол әр қазақстандық үшін олардың жүрегіне жақын, біз өз қолымызбен тұрғызып жатқан жаңа Отанымыздың бір бөлігі», — деген болатын. Одан беріде қаншама жылдар өтті. Қаламыз одан сайын сұлулана түсті. Көркейі, көбейді, абаттанды, ардақталды.

Астананың 19 жылдығы — Қазақстан халқының жалпыұлттық мерекесі. Бас қала елдің барлық өңіріне дамудың үлгісін көрсетті. Барлық облыс орталықтары мен өзге де қалалар бүгінде Астанаға қарап жаңа нысандар салуда, абаттана түсуде. Бүгінде қалада халықаралық білім ошақтары, зияткерлік мектептер бой көтерген. Ғасырлар тоғысында жаңа астанасын белгілеген халқымыз бар болғаны 19 жылда мәңгілік әсем қаланың іргетасын қалады. Бұл — жасампаз, өркениетті қала. Шаһарды бір көрген шетелдік зерттеушілер оның креативті, жасампаз қалалар қатарынан орын алатынын байқаған. Біз оны ерекше сәулеткерлік және табиғиландшафт аясындағы, кез келген жігерлі адамның өзіндік зор шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына көмектесетін нақ осы креативті қала ретінде салуда екенбіз. Креативті дегеніміз — ең алдымен экологиялық жағынан мұнтаздай тазалығы. Бүгін Астана бір мезгілде Қазақстанның жоғары руханилығының фабрикасы. 2012 жылы Қазақстанның елордасы «Түркі әлемінің мәдени ордасы» деп танылды. «Астана — түркі әлемінің ордасы» жобасы аясында «Ұлы Дала әлемі», «Опералия», Орталық Азия елдерінің театр фестивалі, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық, ән байқауы, «Еуразия» кинофестивалі, түркітілдес халықтарының эстрада фестивалі және тағы басқа бірқатар мәдени іс-шаралар өткізілуімен де оның аты айдай әлемге таралды. Аталған жоба түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне ықпал ететіні айқын. Көшпелі Қазақ елі хандарының мекеніндей болған «Хан-Шатырдың» өзі біздің қандай ел болғанымызды бедерлейді. Тіпті бас қаладағы «ЕлАна», «Жер-Ана», «Қазақ елі» монументтері өзіне тән ұлттық ерекшеліктерімізді көрсетеді. Астананың бас ғимараты, Ақорданың көк күмбезді болуының өзі шығыстық, мұсылмандық, түркілік, болмысымыздың көрінісі. Мұндай ғимараттар, мұндай мүсіндер, мұндай көріністер әрбір отаншыл азаматтың бойына жігер береді.

1

Бүгінгі шаһар әлемдік саясаттың сындарлы шешім қабылдайтын күрделі алаңына айналған. Оның әлемге танылуының бір ұшы осында жатыр. Мұнда талай халықаралық маңыздағы үлкен жиындар өтіп, оның қарары әлемнің әрбір нүктесіне дейін жетіп жатты. алықаралық деңгейдегі мұндай жиындар сол деңгейге лайық деп танылған елдердің, лайықты деп табылған қаласында өтетіні белгілі. Мұның өзі әлемнің ірі қалаларымен деңгейлес болып келе жатқанын көрсетеді. Әлемге әйгілі бола бастауына себеп болып отырған тағы бір жайт — қаланың бірбірін қайталамайтын ерекше архитектурасы. Бүгінгі архитектурасынан ұлттық дәстүрлі ою-өрнекті де, классикалық үлгіні де, модерн стилін де көруге болады. Ол бүгінде дүниежүзіне белгілі қалалардың біріне айналды.

3

Әлемдегі болашағы мол жедел дамушы қалалардың қатарына енді. Бұл — халықаралық сарапшылардың бағасы. Еуропа астанасы Брюссель қаласында Астана әкімдігінің басқару жүйесі жоғары бағаланып, «Еуропалық сапа менеджменті» қорының сертификаты табысталды. Бұл мәртебелі атақты осы күнге дейін ТМД кеңістігіндегі бірде-бір ел иеленген емес. Атақты британиялық «кономикс» журналының рейтинг агенттігі әлемдік 140 қаланың арасында Астана қаласына «Өмір сүруге қолайлы қала» мәртебесін беруінің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Әлемдік аренада алдағы уақытта Астана қаласының беделі одан сайын арта түспек. Келер жылы маңызды халықаралық «ЕХРО — 2017» көрмесін өткізуі Қазақстанның беделінің одан әрі арта түсуіне игі ықпалын тигізеді. Бұл көрме қатардағы көп шараның бірі емес. Оны өткізуге көптеген елдер ынталы. Бұл халықаралық айтулы шараның еліміз үшін берері мол. Соның ішінде «ЕРО — 2017» көрмесі еліміз Астанасы үшін туризм саласын дамытуға да тың серпін берері сөзсіз. ЕРО көрмесін өткізу аясындағы «А » жобасы қаладағы логистика мен көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейді. Ал «c » жобасы қонақүй бизнесі мен қызмет көрсету саласын халықаралық стандарттармен бірегейлендіруді көздейді. Бұл шара Астана қаласын одан әрі абаттандыра түспек.

Ермек Жұмахметұлы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі