Егер о дүниелік боп кетсең қарызыңды кім қайтарады?..

Екінші Омар халиф та Бірінші Омар секілді, кейінгі ұрпақтың жүрегінде мәңгі қалуға хақылы. Оның жақсылықтары жөнінде бір әңгіме.

Екінші Омар халифтың балалары көп еді. Бірде халиф сарайына олар бір мерекеге жиналды. Бірақ олардың көңілі көтеріңкі емес еді, әкесіне:

— Әке, сен бізді және бізге қажет заттар жөнінде мүлдем ұмытып кеттіңіз. Күндіз-түні тек мемлекеттік іспен шұғылданасыз, тіпті біздің үстімізде қандай киім бар, оған да мән бермейсіз,-деді.

— Біз сізден қытай жібегін, барқыт немесе парша сұрап жатқан жоқпыз ғой, үстімізге сәл де болса дұрыстау киім кисек па деп едік.

Балаларының көз жасы Омарға қатты әсер ете қойған жоқ, бірақ ол мүмкіндігінше оларға көмектеспек ниетпен қазынашысына қарап: — Сіз маған келесі айдың жалақысының есебінен, балаларыма киім алатындай ақша қарызға бере аласыз ба?-деп сұрады.

— Ал қарызды келесі айларда аз-аздан төлеп құтылар едім.

— О, менің ұлы халифым,-деді қазынашы, — сен әрине мүміндердің әмірісің, бірақ саған тағы бір апта тірі жүретіндігіңе кім кепілдік бере алады? Кез-келген адам секілді сен кез-келген сәтте о дүниелік болып кетуің мүмкін, егер сондай жағдай болып жатса, сенің қазынаға деген қарызыңды кім қайтарады?

Халиф ойланып барып, қазынашысының дұрыс айтып тұрғанын растады. Сосын ол балаларына қарап: — Тағдырларыңа шағымдана бермей барыңдар, Естеріңде болсын, ешкім жәннат бақшасына қиын сынақтарды айналып өтіп кіре алмайды!-деді.

Алмухаммад Абд