Егін ору науқаны басталды
Экономиканың маңызды саласы ауылшаруашылығын дамыту басты назарда.Ауданымызда егін ору науқаны да басталды. Ауданның астық қамбасы саналатын шаруалар егін ору жұмыстарына үлкен дайындықпен кірісуде.
Жалпы аудан бойынша ауыл шарушылығы мақсатындағы жер көлемі – 561 914 га.
Оның ішінде егістік жер – 24 473 га, көпжылдық екпелер 157 га, шабындық жерлер – 29 369 га, жайылымдар -507 915 га алқапты құрайды.
Биыл күздік бидай -4500 га, жаздық арпа -4000 га, дәндік жүгері -1200 га, майлы дақылдар -8300 га жерге себілсе, арпа түгел орылып, гектарына 20 центнерден айналды. 4500 га бидайдың 3000 га орылып, гектарына 15-16 центнер өнім берді. Астықтарды қыста сақтау үшін қоймамен қамтамасыз етілген, аудан бойынша 21 қойма болса, оның 18-і Түркістан ауылдық округінде. Биыл 3 қойма соғылса, 2-уі соғылу үстінде. Нәтижесінде 26 қоймада аудандағы өнімдер сақталады.
Сонымен бірге, мал азығын дайындауда 101 мың тонна шөп қажет болса, қазіргі таңда 105 мың тонна шөп жиналды. Күз ортасына дейін бұл межені 200 пайызға орындау жоспарлануда.
Бүгін ауыл шаруашылығы саласына бейімделген өңір, жоңында төрт түлік төлдетіп, беткейінде жайқалтып егіс еккен Түркістан ауылдық округіне арнайы барып, қамбалары астыққа толған шаруалардың жұмысымен таныстым.
Шаруаларға биылғы ерте көктемдегі жауын-шашын көп түсуінің пайдасы мол болған.
Мәселен, Түркістан ауылдық округінде 2567 га жерге жоңышқа егіліп, ораққа түссе, суармалы емес жоңышқаның өзі екінші қайтара 200 га жерге шығып, орып, мал азығын жинақтап отыр.Суармалы жоңышқа үш қайтара шабылуда.
Әр күн жылға азық демекші, қазір аудан диқандары берекелі істің әрбір сәтін тиімді пайдаланып, жиын-терім жұмыстарын ысырапсыз аяқтау үшін бел шешіп еңбек етуде.
Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі