ЕГІЗДЕР
Бұл әңгімені Энтони де Мелло(1931-1987) жазған екен.Ол Үндістанда туып, католик ілімімен тәрбиеленіп, өмірден өтсе де мына әңгімесі оның Лев Толстой секілді мүмин мұсылман болғаныны айғақтайды. Сонымен әңгімені оқиық:
Ана құрсағына егіз тұқым орналасыпты. Бастабында не болып жатқанынан олар ештеме сезбеген еді. Күн санап екеуінің денесі өсіп дами келе енді өздерінің маңайында не нәрсе болып жатқанына бақылайтын болыпты. «Өміріміздің өзегі не?» деген сауалға жауап іздепті. Содан олар өздерін Ааналарымен байланыстырып тұрған ұзын Кіндік бар екенін біліпті. Осы кіндік арқылы ешбір қиыншылық көрмей өмір сүріп жатқандарын да түсінген екен. «Біздің Анамыздың бізге деген махаббаты мен мейірімі неткен Ұлық еді! Кіндігі арқылы біздерге қажетті барлық нәрселерді қамтамасыз етеді» деп әңгімелесіпті.
Күндер жылжыған сайын егіздер үлкейіп өсе бастайды да өздерінің жанға жайлы ортасын тастап кететін уақыттары да таяп қалады. Уақыт өткен сайын осы жерден кетесіңдер деген белгі тіптен көбірек біліне бастапты.
Тоғыз ай өткен соң бұл жерден кететіні нақты анық болыпты. Сасқалақтаған егіздің біреуі келесісінен:
«Бұл не боп жатқаны? Біз енді арықарай не боламыз?» деп сұрайды.
Келесісінің мінезі орнықты, ойлы болса керек. Сондықтан ол қазіргі өмірінен кең де байтақ әлемді тілейді екен. Сондықтан өзінің сыңарына:
«Екеуіміздің осында өмір сүретін уақытымыз аяқталуда» деп жауап беріпті. Алғашқы сұрақ қойған кішісі:
«Жоқ мен бұл жерден кеткім келмейді, үнемі осында өмір сүргім келеді» депті.
«Бауырым, бізге кетуден басқа ешбір жол жоқ. Бұдан да жақсы өмір бізді күтіп тұруы мүмкін ғой»
«Біздің өмірімізді сақтап тұрған кіндіктен үзіліп қалар болсақ қалай өмір сүрмекпіз. Сондай-ақ осы құрсақтан кеткен балалардың біреуі де қайта оралып келген жоқ. Бізді не тосып тұрғанын ешкім де бізге айта алмайды! Ендеше осымен барлығы біткені ме?! Мүмкін Ана деген адам жоқ та шығар, сен екеуіміз еш мәні жоқ, бос нәрсеге сенген шығармыз…»
«Жоқ, біздің Анамыз бар болуға тиіс. Егер жоқ болса біз қалай өмір сүрмекпіз. Осы жерге қалайша келген болар едік.»
«Сен де мен де Анамызды ешбір көрген жоқпыз, сөйте тұра бұл сөзді қалайша айтамыз! Мүмкін, екеуіміз бүгінге дейін ондай адам бар, болуға
тиіс деген сөзге ғана сеніп келген болармыз. Иә, Анамыз бар деген сөз екеуіміздің жүрегімізге тыныштық сыйлайтын болған соң біз өзіміз ойлап тапқан болуымыз керек…»
Ана құрсағындағы соңғы күндерін егіздер осылай талас-тартыс, айтыспен өткізіпті. Ақыры туылатын уақыты да болып осы Әлемге шығып келген екен. Егіздер бұл әлемге туа сала қуанғандарынан бақырып жылай бастапты.
Өйткені олардың келген Әлемі ол жерде түстеріне де кірмейтіндей сондай әдемі екен дейді.