Егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді!
Әлеуметтік желілерде туындаған сұрақтарға барынша бір пост арқылы түсініктеме беріп, ақпарат тапшылығына және бұрын айтылған ақпараттың дұрыс түсіндірілмеуіне байланысты пайда болған көзқарастардың басын ашқым келеді.
Біріншіден, Егов порталы тек қана Қазақстанға тиесілі және ешкімге берілмейді!
«Қазақстандықтардың барлық деректері Ресей Федерациясына қолжетімді болады» деген түсінік қисынсыз.
Неліктен? Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері шетелдік құрылымдарда жұмыс істейтін көптеген мекемелер бар, десе де олардың бәрі біздің мәліметтерді ала алады деген сөз емес.
Электрондық үкіметке келетін болсақ, бұл жерде біреу біреуге ақпарат береді деген сұрақтың туындамауы да керек. Жалпы, «eGov.kz» не екенін қысқаша түсіндірейін.
eGov — бұл барлық мемлекеттік базалармен құрсым арқылы қосылған «витрина» ғана. Бұл базаларға немесе жүйелерге ешкім ешқашан қол жеткізе алмайды! Өткен айда басталған талдау қазақстандық мемлекеттік секторда 400 + ақпараттық жүйе бар екенін көрсетті. Бұл мемлекеттік жылжымайтын мүлік базасы сияқты ірі базалардан бастап, олимпиада жүлдегерлері тіркелген шағын базаларға дейін.
Ағымдағы кезеңде біздің міндетіміз — әртүрлі технологияларда жазылған, кейде бағдарламашы этикасы мен ескірген құжаттамасыз жүздеген жүйелердің орнына, барлық деректер бірыңғай платформада реттелген және түсінікті болатын ондаған жүйелерге өту. Қазір eGov-ты миллиондаған ескі құрылғылармен салыстыруға болады, олардың орнына біз сапалы заманауи технологиямен жабдықталған платформаны орнатқымыз келеді. Біз халық үшін де, экономика үшін де барынша оң нәтиже алу мақсатында цифрландырудың «құрақталған» моделінен тұтас платформалық моделіне өтетін кез келді.
IT саласындағы кез келген шешім, әсіресе халықаралық шешім кибер қалқан мен азаматтардың мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдардың ұсынымын ескере отырып қабылданады. Біз Қазақстан тарапы бағдарламалық қамтамасыз ету мен техникалық қолдауды талап ететін вендор сияқты болуы керек деген талап қойып отырмыз. СБЕР барлық қолжетімділікті бере отырып, барлық компоненттердің бастапқы кодтарын көрсетеді және барлығын Қазақстандағы серверлерге орналастырады деп келістік.
Екіншіден, бөлінетін 500 млн-ның барлығы СБЕР-ге жұмсалмайды.
Меморандум – келісім-шарт емес. Үкімет цифрлық трансформация мүмкіндігін қарастыратын меморандумға қол қойды, оның бағалау құны шамамен 500 млн.
Бұл не деген сөз? Бұл аталған соманың бір бөлігі жергілікті IT нарығына инвестицияланатынын білдіреді. Бұл қаражатты қазақстандық компаниялар платформалық тәсілді енгізу бойынша жұмыс шеңберінде жұмсайды. Соманың екінші бөлігі — инфрақұрылымдық шешімдерге кетсе, үшінші бөлігі ғана СБЕР-ден шешімнің өзін сатып алуға арналатын болады.
Үшіншіден, платформалық модельді енгізуге Қазақстанның IT компаниялары міндетті түрде қатысады.
Мусин Багдат фейсбук парақшасынан