Екі мыңға жуық түлек Павлодар мемлекеттік университетінің дипломдарына ие болды

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2018 жылдың түлектеріне дипломдарды салтанатты түрде табыстау шаралары бір апта бойына жалғасты. Бакалаврлар және магистрлерді ПМУ ректоры, философия ғылымдарының кандидаты Гаухар Ахметова құттықтады.

— ПМУ көшбасшыларды қалыптастырумен айналысады, яғни кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай алатын адамдарды тәрбиелейді, — деді Гауухар Ғалымқызы. — Университетте білім алған кез келген жас адам таным көкжиегін кеңейтіп, табысқа кенеледі. Өз алдына биік мақсаттар қойып, жете білді. Талай жеңістерге жетті.

Түлектерге дипломдарды декандар мен кафедра меңгерушілері табыстады. Облыс прокуроры, аға әділет кеңесшісі Қайрат Әбдіханов салтанатты шараның қонағы атанды.

Түлектердің қуанышына ортақтасқан білім беруді интернационалдандыру жөніндегі проректор Рам Виранджан музыкалық сәлем жолдап, тосын сый жасады.

Айта кетейік, биылғы жылы университетті 1989 студент тәмамдады. Димплом алғандардың 1410 – ы бакалавр, ал 579-ы – магистрлер.

 

Әлихан Рахметоллаұлы