Екібастұзда «Қазақстанда жасалған» көрме-жәрмеңкесі өтті

Екібастұз қаласының әкімдігі мен Өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кеншілер қаласындағы филиалы ұйымдастырған көрмеге отыздан астам кәсіпкерлер қатысып, өздерінің тауарларын жұртшылықтың назарына ұсынды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және ынталандыру, халыққа отандық тауарларды таныстыру.

— Біз он бес жылдан астам уақыт мектеп формасын тігумен айналысып келеміз, — дейді «Tailor-S» тігін фабрикасының өкілі Лариса Пачинская. – Біздің тауарларымызды Екібастұздағы мектептер ғана емес, Шідерті мен Ақкөл елді мекендеріндегі білім ошақтары да тұтынады. Көрме өткеннен кейін отандық мектеп формасына деген сұраныс арта түседі деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, көрмеде өздерінің «Қыз жасау», «Жасар-2014» ЖШС-і,  «Айтымова» ЖК-ің текстиль тауарлары да көрсетілді.

«Етекбаев», «Орионова» ЖК, «Энергия Капитал-1» ЖШС, «Жаңа-ауыл» шаруа қожалығы азық-түлік өнімдерін көрмеге қойса, «Авангард», «Техцентр Аверс» ЖШС мен «Ник ОС» кооперативі отандық жиһазға сұраныстар қабылдады.

Сондай-ақ, көрмеге жергілікті шеберлер мен қолөнершілер өздерінің өнімдерін ұсынды.

 

 

Әлихан Рахметоллаұлы